ФУНКЦИЯЛАР
NFC
SoundStand жүйесін NFC қосылған смарт құрылғыға Bluetooth байланысымен қарапайым орнату арқылы қоса аласыз. Қосылған кезде смарт құрылғыда сақталған музыканы SoundStand арқылы тыңдай аласыз.
+NFC жəне смарт құрылғыларымен қосылу
1.NFC жапсырма белгісін орамнан ажыратыңыз жəне қажет орынға бекітіңіз.
•NFC жапсырмасын құрылғыдан 3 м радиуста орналастыру ұсынылады.
•NFC жапсырмасын металл бетке, соның ішінде, SoundStand құрылғысына бекітпеңіз. Металл зат байланысқа кедергі жасау жəне NFC жапсырмасы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
2.BT режимін таңдау үшін, негізгі құрылғының үстіңгі панеліндегі ( ) түймесін немесе қашықтан басқару құралындағы SOURCE түймесін басыңыз.
3.Смарт құрылғыңыздың NFC функциясын қосыңыз.
4.Смарт құрылғының NFC антеннасын NFC жапсырмасына жақындатыңыз.
5.Смарт құрылғының дисплейінде байланыс сұрауы пайда болған кезде <Yes> (Иə) жауабын таңдаңыз.
•Байланыс орнатылғаннан кейін аяқтау туралы хабар пайда болады.
Бастапқы қосылым сəтті орнатылғаннан кейін қайта қосылу үшін
+NFC функциясын ажырату
Смарт құрылғының NFC антеннасын SoundStand жүйесіндегі NFC жапсырмасына қайтадан жақындатыңыз. Смарт құрылғының дисплейінде ажырату туралы хабар пайда болады.
+Басқа NFC функциясымен үйлесімді құрылғыға қосылып қойған SoundStand жүйесіне тағы бір смарт құрылғы қосу
Жаңа смарт құрылғыны SoundStand жүйесінің NFC жапсырмасына апарыңыз.
● NFC функциясы Android v4.1.2 Jelly Bean немесе кейінгі операциялық жүйелерде орындалады.
-NFC байланысы үшін смарт құрылғыңызға Android OS 4.1.2 Jelly Bean немесе кейінгі нұсқасы жəне NFC функциясының орындалуы үшін NFC тегі қажет.
●NFC антеннасының орны əртүрлі құрылғыларда əртүрлі болады. SoundStand жүйесімен жұптауға əрекеттенбей тұрып, құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан смарт құрылғы антеннасының орнын қарап алыңыз.
●Смарт құрылғы қалың корпуста немесе қапта болса, NFC байланысы тұрақты болмауы мүмкін.
●
●NFC байланысында қиындық туындаса
-Іс жүзінде смарт құрылғыны NFC жапсырмасына тигізу NFC байланысының қатесіне əкелуі мүмкін.
-Егер смарт құрылғыда «Empty tag» қатесі көрсетілсе, əрекетті қайталаңыз.
-Смарт құрылғының антеннасы NFC логотипіне жеткілікті жақын екенін тексеріңіз.
●Bluetooth Power On мүмкіндігі қосулы кезде SoundStand жүйесін өшірсеңіз, содан кейін алдында NFC арқылы қосылған Bluetooth құрылғысын қосуға əрекет жасасаңыз, құрылғы қосылғанда SoundStand жүйесі автоматты түрде қосылады.
Bluetooth Power On опциясын орнату
KAZ
17