БАЙЛАНЫСТАР

Өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын, қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз.

Егер негізгі құрылғы өшірілсе, сымсыз сабвуфер күту режимінде болады және Link (Байланыс) көрсеткіші (Көк ЖШД) 30 секунд жыпылықтағаннан кейін жоғарғы жақтағы STANDBY LED (Күту ЖШД) қосылады.

Егер Soundbar жүйесінің жанында Soundbar жүйесімен бірдей жиілікті (2,4 ГГц) пайдаланатын құрылғы қолдансаңыз, кедергіден дыбыс біраз жоғалуы мүмкін.

Негізгі құрылғы мен сабвуфердің арасындағы сымсыз сигналдардың жіберілу қашықтығы – шамамен 10 м, алайда жұмыс істеу ортасына байланысты басқаша болуы мүмкін. Егер негізгі құрылғы мен сымсыз сабвуфердің арасында темір бетонды немесе метал қабырға болса, сымсыз сигналдар темірден өте алмайтын болғандықтан жүйе мүлде жұмыс істемеуі мүмкін.

Егер негізгі құрылғыда сымсыз байланыс орнатылмаса, негізгі құрылғы мен сымсыз сабвуфердің арасында байланысты қайта орнату үшін сол жақ бағандағы 1-5-ші қадамдарды орындаңыз.

Сымсыз сигналдар қабылдайтын антенна сабвуфердің ішіне орнатылған. Құрылғыны судан және ылғалдан аулақ ұстаңыз.

Оңтайлы түрде тыңдау үшін, сымсыз сабвуфердің айналасында кедергілердің жоқ екенін тексеріңіз.

14

Page 40
Image 40
Samsung HW-J550/RU manual Байланыстар