ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ

МҮМКІНДІКТЕРІ

Samsung Remote қолданбасымен

Soundbar құрылғысын Samsung Audio Remote қолданбасымен* қолданбасы арқылы алақаныңызда басқарыңыз. Бұл ыңғайлы қолданба қуат, дыбыс жəне медиа басқару элементтері сияқты негізгі басқару элементтеріне, сондай-ақ эквалайзер параметрі сияқты өзгертпелі параметрлерге арналған басқару хабы болып табылады.

Көлемді дыбысты көтеру

Көлемді дыбысты көтеру мүмкіндігі дыбысқа тереңдік пен көлем қосады.

Bluetooth функциясы

Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы сымсыз тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын Soundbar жүйесіне қосуға болады!

ЛИЦЕНЗИЯ

Dolby Laboratories лицензиясы бойынша жасалған. "Dolby" жəне қос D таңбасы Dolby Laboratories компаниясының сауда белгілері болып тaбылады.

TV SoundConnect

Теледидарды жəне Soundbar құрылғысын TV SoundConnect мүмкіндігі бар Bluetooth байланысы арқылы оңай қосыңыз. Soundbar құрылғысы мен теледидардың арасында сымдар болмағандықтан, тұратын ортаңызда таза сыртқы көрінісін сақтай отырып, екі жүйенің де жіңішке жəне əдемі дизайнын көрсетуге мүмкіндік береді. Soundbar құрылғысы мен теледидарды бір теледидардың қашықтан басқару құралынан оңай басқарыңыз.

HDMI

HDMI бір уақытта бейне жəне дыбыс сигналдарын тасымалдайды жəне айқынырақ сурет береді. Сондай-ақ, бұл құрылғы теледидар дыбысын HDMI кабелі арқылы Soundbar жүйесінен тыңдауға мүмкіндік беретін ARC функциясымен жабдықталған. Бұл функцияны өнім тек ARC үйлесімді теледидарға жалғанғанда қолдануға болады.

USB Host қолдауы

Soundbar's USB HOST функциясы арқылы MP3 ойнатқыш, USB флеш-жады, т.б. сыртқы USB сақтау құрылғыларын жалғап, музыка файлдарын ойнатуға болады.

DTS патенттері үшін http://patents.dts.com сайтын қараңыз. DTS Licensing Limited лицензиясына сəйкес өндірілген. DTS, Таңба, сондай-ақ, DTS пен Таңба бірге — тіркелген сауда белгілері жəне DTS

2.0Channel — DTS, Inc компаниясының сауда белгісі. © DTS, Inc. Барлық құқықтары қорғалған.

HDMI мен HDMI High-Defi nition Multimedia Interface жəне HDMI логотипі HDMI Licensing LLC компаниясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.

2