ФУНКЦИЯЛАР
● Bluetooth құрылғысына қосылу кезінде PIN кодын енгізу сұралса, <0000> санын енгізіңіз.
●Бір уақытта тек бір Bluetooth құрылғысын жұптауға болады.
●Soundbar өшірілген кезде Bluetooth байланысы тоқтатылады.
●Келесі жағдайларда Soundbar жүйесі Bluetooth құрылғысының іздеуін не қосылуын дұрыс орындамауы мүмкін:
-Soundbar құралының айналасында қатты электрикалық өріс болса.
-Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құралымен бір уақытта жұпталса.
-Bluetooth құрылғысы кенеттен өшсе немесе дұрыс жұмыс істемесе.
-Микротолқынды пештер, сымсыз жергілікті желі адаптерлері, люминесценттік жарықтар жəне газ плиталары сияқты құрылғылар Bluetooth құрылғысы сияқты бірдей жиілік диапазонын пайдаланатынын ескеріңіз, ол электр кедергісін тудыруы мүмкін.
●Soundbar SBC деректерін (44,1 кГц, 48 кГц) қолдайды.
●Тек A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыңыз.
●Тек HF (Hands Free) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына Soundbar жүйесін қосу мүмкін емес.
●Soundbar жүйесін Bluetooth құрылғысына жұптағаннан кейін, құрылғының сканерленген құрылғылар тізімінен "[Samsung] Soundbar
●Soundbar құралы Bluetooth құрылғысының жұпталған құрылғыларының тізімінде болса ғана қолжетімді. (Bluetooth құрылғысы мен Soundbar бұрын кем дегенде бір рет жұпталуы қажет.)
●Soundbar құралы Bluetooth құрылғысының ізделген құрылғылар тізімінде Soundbar көрсетілген кезде ғана пайда болады BT READY.
●TV SoundConnect режимінде Soundbar жүйесін басқа Bluetooth құрылғысына жұптау мүмкін емес.
BLUETOOTH POWER ON (BLUETOOTH POWER)
Bluetooth Power On функциясы қосулы, ал Soundbar жүйесі өшірулі жағдайда бұрыннан жұптастырылған Bluetooth құрылғысы Soundbar жүйесімен жұптасу əрекетін жасаса, Soundbar жүйесі автоматты түрде іске қосылады.
1.Не болмаса, Soundbar қосылып тұрғанда қашықтан басқару құралындағы Bluetooth POWER түймесін басыңыз.
2.ON - BLUETOOTH POWER Soundbar дисплейінде пайда болады.
BLUETOOTH ҚҰРЫЛҒЫСЫН SOUNDBAR ҚҰРАЛЫНАН АЖЫРАТУ ҮШІН
Bluetooth құрылғысын Soundbar құралынан ажырата аласыз. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
●Soundbar құралы ажыратылады.
●Soundbar Bluetooth құрылғысынан ажыратылғанда, Soundbar алдыңғы дисплейде BT DISCONNECTED хабарын көрсетеді.
SOUNDBAR ҚҰРАЛЫН BLUETOOTH ҚҰРЫЛҒЫСЫНАН АЖЫРАТУ ҮШІН
BT режимінен басқа режимге ауысу немесе Soundbar динамигін өшіру үшін қашықтан басқару құралындағы
SOURCE түймесін немесе өнімнің жоғарғы панеліндегі (Көз) түймесін басыңыз.
●Қосылған Bluetooth құрылғысы қосылымды тоқтатпастан бұрын Soundbar құралынан жауапты белгілі бір уақыт күтеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырату уақыты əртүрлі болуы мүмкін)
KAZ
25