ОРНАТУ
SOUNDBAR ҚҰРЫЛҒЫСЫН ОРНАТУ
ҚАБЫРҒА КРОНШТЕЙНІН ОРНАТУ
+Орнатудың сақтық шаралары
●Тек тік қабырғаға орнатыңыз.
●Орнату үшін температурасы немесе ылғалдылығы жоғары жерде, не болмаса құрылғы салмағын көтере алмайтын қабырғаға орнатпаңыз.
●Егер қабырға құрылғыны ұстап тұру үшін жеткілікті күшті болмаса. Қабырғаны қатайтыңыз немесе құрылғыны салмағын ұстап тұра алатын басқа қабырғаға орнатыңыз.
●Сіздегі қабырғаның түріне (гипсокартон, темір тақта, ағаш, т.б.) жарайтын бекіту бұрандаларын немесе анкер болттарын сатып алып, пайдаланыңыз.
Мүмкін болса, бұрандаларды қабырға шегелеріне бекітіңіз.
●Қабырғаға орнату бұрандаларын Soundbar жүйесі орнатылатын қабырғаның түрі мен қалыңдығына сай сатып алыңыз.
-Диаметрі: M5
-Ұзындығы: L 35 мм немесе одан үлкенірегі ұсынылады
●Құрылғыны қабырғаға орнатпас бұрын оның кабельдерін сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
●Орнатпас бұрын құрылғының сөніп жəне ажыратылып тұрғанын тексеріңіз. Əйтпесе, ток соғуы мүмкін.
5 см немесе көбірек
1.Орнату бағыттағышын қабырғаға жанастырып орналастырыңыз.
•Орнату бағыттағышы тегіс болуы керек.
•Егер теледидар қабырғаға орнатылса, Soundbar құрылғысын теледидардан кемінде 5 см төмен орнатыңыз.
KAZ
11