СИПАТТАМАЛАРЫ

ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ

SOURCE

Soundbar жүйесіне қосылған дыбыс көзін таңдау үшін басыңыз.

Дыбысын өшіру

Түймені басу арқылы дыбыс деңгейін 0-ге апаруға болады. Дыбысты алдыңғы деңгейде қосу үшін қайтадан басыңыз.

Қайталау

Қайталау функциясы телефондағы Әндер тізіміндегі немесе Samsung Multiroom қолданбасының DMS құрылғысындағы музыка ойнап жатқанда қолжетімді болады.

OFF - REPEAT : қайталап ойнатудан бас тартады.

TRACK - REPEAT : бір жолды қайталап ойнатады.

ALL - REPEAT : барлық жолдарды қайталап ойнатады.

Алға қарай өту

Ойнатылып жатқан құрылғыда екі немесе одан көп файл болса және ] түймесі басылса, келесі файл таңдалады.

SOUND CONTROL

TREBLE, BASS немесе AUDIO SYNC режимін таңдау үшін басыңыз. Содан соң, TREBLE немесе BASS дыбыс деңгейін -3 ~ +3 мәндер аралығында реттеу үшін [,] түймелерін пайдаланыңыз.

Әр жиіліктер диапазоны үшін дыбысты реттеу үшін SOUND CONTROL түймесін шамамен 5 секунд бойы басып тұрыңыз. 150 Гц, 300 Гц, 600 Гц, 1,2 кГц, 2,5 кГц, 5 кГц және 10 кГц параметрін таңдауға болады және әрқайсысын -6 ~ +6 арасындағы параметрге реттеуге болады.

Soundbar жүйесі сандық теледидарға қосылған кезде бейне дыбыспен синхронды ойнатылмаса, оларды синхрондау үшін SOUND CONTROL түймелерін басыңыз. Дыбыс кідірісін 0 мс ~ 300 мс арасында орнату үшін, [,] түймелерін қолданыңыз. Теледидар және BT режимінде Audio Sync функциясы қолжетімді болмауы мүмкін.

Anynet+

Anynet+ функциясын қосу немесе өшіру үшін Anynet+ түймесін басыңыз. (Әдепкі : Auto Power Link OFF, ON - ANYNET+ / OFF - POWER LINK немесе OFF - ANYNET+ / ON - POWER LINK). Anynet+ функциясы Soundbar жүйесін Anynet+ функциясымен үйлесімді Samsung теледидарынан қашықтан басқару құралы арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Soundbar жүйесі теледидарға HDMI кабелі арқылы жалғануы керек.

*Auto Power Link

Soundbar құралын Optical ұясы арқылы оптикалық байланыспен қадамдастырады, сонда ол теледидарды қосқанда автоматты түрде қосылатын болады. (20-бетті қараңыз)

Auto Power Link функциясы тек D.IN режимінде қолжетімді.

Сондай-ақ, Wi-Fi SETUP функциясын қашықтан басқару құралындағы Anynet+ түймесін 7 секунд бойы басып тұру арқылы белсендіре аласыз.

Теледидарды өзінің қашықтан басқару құралымен басқарыңыз.

8

Page 74
Image 74
Samsung HW-J7500R/RU manual Қашықтан Басқару Құралы, Дыбысын өшіру, Қайталау, Алға қарай өту