Bluetooth құрылғысын микро құрамдас бөлігінен ажырату

Bluetooth құрылғысын Микро құрамдас бөлігінен ажыратуға болады. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Микро құрамдас бөлігі ажыратылады.Микро құрамдас жүйесі Bluetooth

құрылғысынан ажыратылған кезде, микро құрамдас жүйесінің дисплейінде

BT DISCONNECTED ; BT READY

хабарламасы көрсетіледі.

Микро құрамдас бөлігін Bluetooth құрылғысынан ажырату

Bluetooth режимінен басқа режимге ауысу немесе микро құрамдас бөлігін өшіру үшін микро құрамдас бөлігінің алдыңғы панеліндегі басқа режим түймесін басыңыз. Ағымдағы жалғанған құрылғы ажыратылады.

Байланысты тоқтату алдында жалғанған Bluetooth құрылғысы микро құрамдас жүйесінен біраз уақыт жауап күтеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырату уақыты әр түрлі болуы мүмкін)

Bluetooth байланыс режимінде микро құрамдас бөлігі мен Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтық 5 метрден (16.25 фут) асып кеткенде, Bluetooth байланысы жоғалады.

Bluetooth құрылғысы ажыратылғаннан кейін тиімді ауқымға қайта оралса, Bluetooth құрылғысымен жұптауды қалпына келтіру үшін микро құрамдас бөлігін өшіріп, қайта қосуға болады.

Микро құрамдас жүйесі «Дайын» режимінде 25 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.

Микро құрамдас жүйесіне Bluetooth

құрылғысы жалғанса, құрамдас бөлік жүйесі басқа режимде (ол TV SoundConnect режимінде «REQUEST»

хабарламасын көрсеткен жағдайды қоспағанда) болған жағдайда ол Bluetooth

режиміне автоматты түрде ауысады.

Bluetooth Power On функциясын пайдалану

Өнім өшірулі кезде, оны қосу үшін смарт құрылғыны өнімге Bluetooth байланысы арқылы қосуға болады.

1.Bluetooth Power On функциясын қосу үшін FUNCTION түймесін басыңыз. Дисплейде

ON-BLUETOOTH POWER хабарламасы көрсетіледі.

2.Өнім өшірулі болғанда, смарт құрылғыны өнімге Bluetooth функциясы арқылы жалғаңыз. (Bluetooth қосылыстары туралы ақпаратты смарт құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.)

Bluetooth құрылғысы бұрын микро құрамдас жүйесімен жұптасқан болуы керек.

3.Байланыс орнатылғаннан кейін өнім автоматты түрде Bluetooth режимінде қосылады.

Смарт құрылғыдан ойнатылатын қажетті музыканы таңдаңыз.

Bluetooth Power On функциясын қосу немесе өшіру үшін FUNCTION түймесін басып тұрыңыз. Түймені басып ұстап тұрған сайын, микро құрамдас жүйесі дисплейден ON -BLUETOOTH POWER ; OFF-BLUETOOTH POWER хабарламасын көрсетеді.

Қазақша 13