КАЗАҚ
Пісіру / Қыздыру
Төменде тағамды қыздыру немесе ысыту туралы мағлұмат берілген. Пешті қараусыз қалдырар алдында оның пісіру параметрлерін ӘРҚАШАН тексеріңіз.
Алдымен, тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз да, есікті жабыңыз.
1. Қуат параметрін COOKING POWER CONTROL (ПІСІРУ ҚУАТЫН БАСҚАРУ) тетігін бұрау арқылы ең үлкен мәнге қойыңыз.
(ЕҢ ҮЛКЕН ҚУАТ: 800 Вт)
2. Уақытты TIMER (ТАЙМЕР)тетігін бұрап орнатыңыз.
Нәтижесі: Пештің шамы жанады да, бұрылмалы табақ айнала бастайды.
Бос тұрған микротолқынды пешті ешқашан қоспаңыз.
Тағам пісіріп жатқанда қуат деңгейін COOKING POWER CONTROL (ПІСІРУ ҚУАТЫН БАСҚАРУ) тетігін бұрап өзгертуге болады.
10
Қуат мәндері
Төмендегі қуат мәндерінің ішінен қажетін таңдауыңызға болады.
Қуат мәні | Шығысы |
ЖОҒАРЫ | 800 Вт |
|
|
ҚЫЗДЫРУ | 700 Вт |
|
|
ОРТАША ЖОҒАРЫ | 600 Вт |
|
|
ОРТАША | 450 Вт |
|
|
ОРТАШАДАН ТӨМЕН | 300 Вт |
|
|
ЖІБІТУ ( ) | 180 Вт |
|
|
ТӨМЕН | 100 Вт |
|
|
Жоғарырақ қуат мәнін таңдасаңыз, пісіру уақытын азайту керек.
Азырақ қуат мәнін таңдасаңыз, пісіру уақытын ұзарту керек.
Пісіруді тоқтату
Тағам пісіруді кез келген уақытта тоқтатып, тағамды тексеруіңізге болады.
1.Уақытша тоқтату үшін;
Есікті ашыңыз.
Нәтижесі: Пісіру тоқтайды. Пісіруді жалғастыру үшін есікті жабыңыз.