Функциялар

Hi-Fi құрамдас жүйесін өшірген және жұптауды уақытша тоқтатқан соң, жұптау автоматты түрде қалпына келтірілмейді. Қайта қосу үшін құрылғыны қайтадан жұптастыру керек.

Hi-Fi құрамдас жүйесі төмендегі жағдайларда іздемеуі немесе дұрыс жалғанбауы мүмкін:

--Hi-Fi құрамдас жүйесінің айналасында күшті электр өрісі болса.

--Bluetooth құрылғысы өшсе, орнында болмаса немесе дұрыс жұмыс істемесе.

Микротолқынды пештер, сымсыз жергілікті желі адаптерлері, люминесцентті шамдар және газ плиталары сияқты құрылғылар Bluetooth құрылғысымен бірдей жиіліктер ауқымын пайдаланатынын ескеріңіз, бұл өз кезегінде электр кедергісін тудыруы мүмкін.

Bluetooth құрылғысын Hi-Fi құрамдас жүйесінен ажырату

Bluetooth құрылғысын Hi-Fi құрамдас жүйесінен ажыратуға болады. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Hi-Fi құрамдас жүйесі ажыратылады.

Hi-Fi құрамдас жүйесі Bluetooth

құрылғысынан ажыратылған кезде, Hi-Fi

құрамдас жүйесі BT DISCONNECTED ; BT READY хабарын көрсетеді.

Hi-Fi құрамдас жүйесін Bluetooth құрылғысынан ажырату

Bluetooth режимінен басқа режимге ауысу немесе Hi-Fi құрамдас жүйесін өшіру үшін Hi- Fi құрамдас жүйесінің алдыңғы панеліндегі басқа режим түймесін басыңыз. Қазіргі уақытта қосылған құрылғы ажыратылады.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

Байланысты тоқтату алдында жалғанған Bluetooth құрылғысы Hi-Fi құрамдас жүйесінен біраз уақыт жауап күтеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты

ажырату уақыты әртүрлі болуы мүмкін)

Bluetooth байланысы режимінде Hi- Fi құрамдас жүйесі мен Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтық 16,25 фут (5 метр) ауқымынан асса, Bluetooth байланысы жоғалуы мүмкін.

Bluetooth құрылғысы ажыратылғаннан кейін тиімді ауқымға қайтып оралса, Bluetooth құрылғысымен жұптауды қалпына келтіру үшін Hi-Fi құрамдас жүйесін өшіріп, қайта қосуға болады.

Hi-Fi құрамдас жүйесі Ready (Дайын) режимінде 25 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.

Hi-Fi құрамдас дыбыс жүйесіне Bluetooth құрылғысы жалғанса, Құрамдас жүйе басқа режимде (Bluetooth құрылғысы HiFi құрамдас жүйесімен бұрын жұпталмаған болса, ол TV SoundConnect режимінде «REQUEST» хабарын көрсеткен жағдайды қоспағанда) болған жағдайда ол Bluetooth режиміне автоматты түрде ауысады.

16 Қазақша