•• Invisible Connection құралын жалғаған кезде Bending Cover қақпағын Invisible Connection құралының кабелінің 90 градусқа бүктетіліп қалуына жол бермеу үшін пайдаланыңыз. Олай етпесеңіз, кабельге елеулі нұқсан келуі мүмкін.

•• Invisible Connection құралын жалғаған кезде, оның түйіспелері дұрыс жалғануы үшін олардың пішіндеріне назар аударыңыз. Олай етпесеңіз, өнімнің бұзылуына себеп болуы мүмкін.

•• Invisible Connection құралын жалғағаннан кейін қалған кабельді Invisible Connection түтігін айналдыра ораңыз. Кабельді жай ғана орау немесе қалдыру, кабелдің өзіне нұқсан келуіне себеп болуы мүмкін.

•• Invisible Connection құралын жалғаған кезде Invisible Connection құралының кабелінің бұратылмауын қадағалаңыз. Олай етпесеңіз, теледидардың жұмысының нашарлауына немесе кабельге нұқсан келуіне себеп болуы мүмкін.

•• Invisible Connection құралының бүлінуіне жол бермеу үшін төмендегі әрекеттердің жасалмауын қадағалаңыз:

Майыстыру

Бұрау

Тарту

Үстіне шығу

Басу

1 КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЛАЗЕР ӨНІМІ

•• Назар салыңыз - ашқан кезде көзге көрінбейтін лазер сәулесі шығады. Сәулеге қадалып қарамаңыз.

–– Кабельдерді қатты бұрамаңыз немесе кеспеңіз.

–– Кабельдің үстіне ауыр зат қоймаңыз.

–– Кабельдің қосқышын бөлшектемеңіз.

•• Назар салыңыз - Басқару құралдарын, түзету немесе пайдалану процедураларын осы нұсқаулықта айтылғандай қолданбаса, қауіпті сәуле әсеріне ұшырайсыз.

Қазақ - 8