Сақтық шарасы: Теледидардың құлап түсуіне жол бермеу үшін оны қабырғаға бекіту

Абайлаңыз: ТД-ды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, құлап кетуі мүмкін. Сондай-ақ, балалардың ТД-ға артылып тұрмауына немесе оны қозғамауына көз жеткізіңіз. Бұл әрекет теледидардың төңкеріліп кетіп, адамдардың елеулі жарақат алуына немесе қазасына себеп болуы мүмкін. ТД жинағымен қоса берілген қауіпсіздік парағындағы

сақтық шараларының барлығын орындаңыз. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін төменде сипатталған, аударылып қалуға қарсы құралды сатып алып орнатыңыз.

ЕСКЕРТУ: Теледидарды ешқашан орнықсыз жерге қоймаңыз. Теледидар қондырғысы құлап кетіп, адамдардың елеулі жарақат алуына немесе қазасына себеп болуы мүмкін. Мына сияқты

қарапайым сақтық шараларын орындау арқылы көптеген зақымдарға, әсіресе балалардың жарақат алуына жол бермеуге болады.

•• Теледидар өндірушісі жиһазды немесе тұрғыны пайдалануды ұсынады.•• Теледидарды қауіпсіз көтеріп тұра алатын жиһазды ғана пайдаланыңыз.•• Теледидардың астындағы жиһаз жиегінен шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.

•• Теледидар мен жиһаз екеуін де жарамды тірекке бекітпей тұрып, теледидарды жиһаз үстіне (мысалы, шкаф не кітап сөреге) қоймаңыз.

•• Теледидарды теледидар мен оның астындағы жиһаз арасындағы шүберекке не басқа материалға қоймаңыз.

•• Балаларға теледидарға және оның басқару құралдарына бару үшін жиһазға өрмелеудің қауіпті екенін үйретіңіз.

Егер осы жаңа қондырғымен алмастырып жатқан теледидарды қалдыратын немесе орнын ауыстыратын болсаңыз, ескі теледидарды орнатқандағы сақтық шараларын қабылдау қажет.

ТД-дың құлап қалуына жол бермеу1.Тиісті бұрандалардың көмегімен қапсырмалар жинағын қабырғаға

мықтап бұрап бекітіңіз. Бұрандалардың қабырғаға мықтап бекітілетініне көз жеткізіңіз.

–– Қабырғаның түріне байланысты қабырға анкері тәрізді қосымша зат қажет болуы мүмкін.

2.Тиісті өлшемді бұрандалардың көмегімен қапсырмалар жинағын теледидарға мықтап бұрап бекітіңіз.

–– Бұранданың техникалық параметрлерін "ТД-ды қабырғаға

орнату" тармағындағы стандартты бұранда бөлімінен қараңыз. 3. ТД-ға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген

қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап, содан кейін сымды мықтап байлаңыз.–– ТД артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға жақын орнатыңыз.

–– Қабырғаға бекітілген қапсырмалар ТД-ға бекітілген қапсырмалармен бір деңгейде немесе олардан төменірек тұру үшін сымды жалғаңыз.

Казақ

Қазақ - 11