Samsung RF905QBLAXW/WT Жалғамаңыз, Бүлініп қалмағанын тексеріңіз, Тоңазытқышты жылжытқан кезде

Models: RF905QBLAXW/WT

1 56
Download 56 pages 3.06 Kb
Page 33
Image 33

жалғамаңыз.

Тоңазытқышты әрқашан тек өзіне арналған, кернеуі құрылғының техникалық тақтайшасындағы кернеуге сай келетін жеке розеткаға жалғау керек.

-- Сонда құрылғы тамаша жұмыс істейді және үйдегі электр желісінің жүктемесінің шамадан тыс артуына, нәтижесінде сымдар қызып өрт шығу қатерінің орын алуына жол бермейді.

Босап тұрған розеткаға ашаны сұқпаңыз.

-- Өрт шығуы немесе электр қатері орын алуы мүмкін.

Жарылып қалған немесе ұзына бойына нұқсан келген, немесе ұшы бүлінген сымдарды қолданбаңыз.

Қорек сымын ешқашан қатты тартпаңыз немесе майыстырмаңыз.

Қуат сымын майыстырмаңыз немесе байламаңыз.

Қорек сымын металл заттың үстіне ілмеңіз, қорек сымының үстіне ауыр зат қоймаңыз, қорек сымын заттардың арасына қыстырмаңыз немесе құрылғының артындағы орынға салмаңыз.

-- Тоңазытқышты жылжытқан кезде,

ашаны басып кетпеуге немесе бүлдіріп алмауға тырысыңыз.

-- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Тоңазытқыш қасында аэрозольдарды қолданбаңыз.

-- Тоңазытқыш қасында қолданылған аэрозольдар жарылыс немесе өрт шығуға себеп болуы мүмкін.

-- Қорек сымдарын қатты майыстырмаңыз немесе үстіне ауыр зат қоймаңыз.

• Бұл тоңазытқышты қолданар алдында, нұсқауларға сай орнатып, дұрыс жерге орналастыру керек.

Құрылғыны ылғал жерге немесе құрылғыға су тиіп кетуі мүмкін жерге орнатпаңыз.

-- Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр қатері пайда болуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Ашаны розеткаға сымын төмен салбыратып дұрыс жалғау керек.

-- Егер ашаның түп жағын жоғары қаратып жалғасаңыз, қуат сымы қиылып, өрт немесе электр қатері орын алуы мүмкін.

Тоңазытқыштың артында тұрған ашаның жаншылып, немесе

бүлініп қалмағанын тексеріңіз.

қауіпсіздік туралы ақпарат _05

DA68-02836Q-07.indb 5

15. 5. 11.

�� 2:08

Page 33
Image 33
Samsung RF905QBLAXW/WT manual Жалғамаңыз, Бүлініп қалмағанын тексеріңіз, Тоңазытқышты жылжытқан кезде