Электр энергиясын үнемдеу бойынша кеңестер

-Тоңазытқышты жеткілікті дәрежеде желдетілетін салқын, құрғақ бөлмеге орнатыңыз. Оған күн сәулесінің тікелей түспегендігін қамтамасыз етіңіз және оны тікелей жылу көздерінің жанына орнатпаңыз (мысалы, жылыту батареялары).

-Тоңазытқыштың тесіктерін немесе шарбақтарын ешқашан жаппаңыз.

-Жылы тағамды тоңазытқышқа салмас бұрын бөлме температурасына дейін суытып алыңыз.

-Мұздатылған азық-түліктерді еріту үшін тоңазыту камерасына салыңыз.

Бұл жағдайда сіз мұздатылған азық-түліктің төмен температурасын тоңазыту камерасындағы азық- түліктерді суыту үшін қолдана аласыз.

-Тоңазытқышқа азық-түлікті салу немесе одан азық- түлікті алу кезінде оның есігін ұзақ уақыт ашып қоймаңыз.

Есік барынша сирек ашылса, мұздату камерасында мұздың қатуы да барынша аз болады.

-Тоңазытқыштың артқы жағын ұдайы тазартып

12_ Қауіпсіздік туралы ақпарат

отырыңыз.

Шаң электр энергиясын тұтынуды арттырады.

-Температураны қажетті деңгейден төмен қоймаңыз.

-Тоңазытқыштың асты мен артқы жағында ауа алмасуы үшін жеткілікті орын қалдыру керек. Желдету тесіктерін жаппаңыз.

-Тоңазытқышты орнату кезінде оң, сол, артқы және үстіңгі жақтарынан саңылау қалдырыңыз. Бұл сіздің электр энергиясын тұтынуыңызды азайтады және осыған сәйкес электр энергиясына төлем сомасын да азайтады.

DA99-03417R-26.indb Sec2:12

15. 5. 20. ￿￿ 8:56