анықталады. Қандай да бір жері бүлінген құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз. Егер күмәндансаңыз, дилерге хабарласыңыз. Бөлменің ауданы R600a тоңазытқыш сұйығының әр 8 грамына 1м³ болуға тиіс.

Құрылғыңыздағы тоңазытқыш сұйықтың мөлшері, құрылғының ішіндегі техникалық параметр тақтайшасында көрсетілген.

ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ- КЕҢЕС

Тоқ өшіп қалған жағдайда, жергілікті электр қуатымен жабдықтау компаниясына телефон соғып, тоқ қанша уақыттан кейін қосылатынын сұраңыз.

-- Тоқ бір немесе екі сағат ішінде қалпына келсе, тоңазытқыш температурасына әсер етпейді. Дегенмен, тоқ сөніп тұрған кезде тоңазытқыштың есігін барынша аз ашу керек.

Тоңазытқышпен бірге кілт

берілсе, кілттерді балалардың қолы жетпейтін, құрылғыдан алыс жерде сақтаңыз.

Құрылғыны температурасы осы тоңазытқыш құрылғы үшін арнайы көрсетілген төмен температура шегінен төмен жерге қойғанда (тоңазытқыш ішіндегі температура тым жылы болып кетуі мүмкін) тұрақты жұмыс істемеуі мүмкін.

Төмен температурада тез бүлінетін банан, қарбыз тәрізді тағамдарды сақтамаңыз.

Құрылғыңызға мұз қатпайды, басқаша айтқанда, мұзды қолдан жібітудің қажеті жоқ, себебі бұл автоматты түрде орындалады.

Екі жұлдызды ( ) бөлік(тер) дің немесе камера(лар)дың температурасы мұздатқыштың басқа бөлік(тер)іне қарағанда сәл жоғарырақ.

Екі жұлдызды бөлік(тер) дің немесе камера(лар)дың орналасатын орындары үлгі түріне байланысты, сондықтан жеткізілген кездегі нұсқауларға және/немесе жағдайларға қараңыз.

Қазақша - 10

DA68-03008L-05.indb 10

2017. 2. 7. �� 4:46