Жібіту үрдісін жылдамдату үшін, өндіруші ұсынған құралдардан басқа механикалық заттарды не басқа құралдарды қолданбаңыз.

Тоңазытқыш жүйені бүлдіріп алмаңыз.

Тоңазытқыш/мұздатқыштың ішіне өндіруші арнайы рұқсат етпеген электр құрылғыларын қоюға немесе қолдануға болмайды.

Ішкі жарықтама шамын ауыстырар алдында, құрылғыны розеткадан ағытыңыз.

Шамды ауыстыру қиынға соқса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Аталмыш құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.

Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.

Балаларға есікке асылып тұруға рұқсат бермеңіз. Себебі ауыр жарақат алуы мүмкін.

Мұздатқыш бөліктің ішкі қабырғасын немесе мұздатқыш бөліктің ішінде тұрған заттарды су қолмен ұстамаңыз.

-Теріні қарып кетуі мүмкін.

Тоңазытқыш ұзақ уақыт қолданылмайтын кездері, ашасын розеткадан ағытып қойыңыз.

-Қуат сымының қорғаныс қаптамасы бүлінсе, өрт шығу қаупі бар.

Құрылғының үстіне зат қоймаңыз.

-Есікті ашқанда немесе жапқанда, заттар құлап кетіп, адам жарақаттануы немесе және/не мүлікке зиян келуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

Бұл тек үйде тағам сақтауға арналған құрылғы.

Өндіруші көрсеткен мұздатылған тағамды сақтау уақыты мен жарамдылық мерзімін сақтау керек. Тиісті нұсқауларды орындаңыз.

Бөтелкелерді құлап қалмас үшін бір-біріне өте жақын орналастырып қою керек.

Мұздатқыш камераға газдалған немесе көпіршитін сусындарды қоймаңыз.

Тоңазытқышқа шамадан тыс көп тағам салмаңыз.

-Есікті ашқан кезде құлап кетіп адам жарақаттанып қалуы немесе мүлікке зақым келуі мүмкін.

Бөтелке немесе шыны сауыттарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.

-Ішіндегісі мұздаған кезде шыны сынып, адам жарақат алуы мүмкін.

04_ Қауіпсіздік туралы ақпарат

Тұтанғыш газды тоңазытқыштың қасына тұрып шашпаңыз.

-Жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.

Суды тоңазытқыштың ішіне немесе сыртына тура шашпаңыз.

-Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

• Тоңазытқыш ішіне ұшып таралатын немесе тұтанатын заттарды сақтамаңыз.

-Бензол, сұйылтқыш, спирт, эфир, сұйылтылған газ және осы сияқты заттар жарылыс тудыруы мүмкін.

Ұзақ демалысқа барар кезде, құрылғыны босатып қою немесе "демалыс" функциясын қолдану ұсынылады.

Мұздатылған тағамды әбден жібітіп болғаннан кейін қайта мұздатпаңыз.

Фармацевтикалық өнімдерді, ғылыми материалдарды немесе температураға сезімтал заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.

-Температурасын қатаң бақылап отыруды қажет ететін өнімдерді тоңазытқышта сақтамаңыз.

Су құйылған сауытты тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз. Құрылғыға су тәрізді бөгде зат кіріп кетсе, ашасын розеткадан суырып, ең жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

ТАЗАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР

Қолыңызды құрылғының астына сұқпаңыз. - Өткір қырларына жарақаттанып қалуыңыз

мүмкін.

Ашаны тазалағанда дымқыл немесе су шүберекті қолданбаңыз, ашаның істікшесіндегі бөгде затты не шаңды тазалаңыз.

-Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУЛЕР

Осы немесе басқа тоңазытқыштарды тастаған кезде, кішкене балалар мен жануарлар қамалып қалмас үшін тоңазытқыштың есігін/есігінің тығыздағышын, есігінің бекітпесін алыңыз.

Балалар құрылғы ішіне оңай кіріп кетуге жол бермеу үшін сөрелерін алмаңыз.

Тоңазытқыш сұйық ретінде R600a не R134a қолданылған. Тоңазытқышыңызда қандай тоңазытқыш сұйық қолданылғанын, құрылғының артындағы компрессордың жапсырмасынан немесе құрылғының ішіндегі

DA99-03327P(0.0).indb 04

2012.1.30 11:54:26 AM

Page 38
Image 38
Samsung RS844CRPC5H/RS, RS844CRPC2B/RS manual Ескерту Белгілері