ОРНАТУҒА АРНАЛҒАН КҮРДЕЛІ ЕСКЕРТУ

ЕСКЕРТУ ШАРАЛАРЫ

Тоңазытқышты ылғал жерге орнатпаңыз немесе суға жақын жерге орналастырмаңыз.

-Электр бөлшектерінің дұрыс изоляцияланбауы электр тогының соғуына немесе өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

Тоңазытқышты күн сəулесі тікелей түсетін жерге орналастырмаңыз немесе пештерден, бөлме жылытқыштардан немесе басқа құрылғыдан келетін жылуға жақын қоймаңыз.

Бірнеше құрылғыны бір розеткаға қоспаңыз. Тоңазытқыш əрдайым сипаттамалық тақтасына сəйкес келеті кернеуі бар жеке розеткаға

қосылуы керек.

-Осылайша жұмыс өнімділігін арттырып, қызып кеткен сымдардан өрттің шығуы мүмкін

болғандықтан, үйдегі сым желілеріне шамадан тыс күш салуға жол бермейді.

Егер қабырғадағы розетка тар болса, электр

шнурының ашасын салмаңыз.

-Электр тогы соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.

• Бойында немесе ұшында жарылған немесе зақымдалған жерлері бар шнурды пайдаланбаңыз.

• Электр шнурын қатты майыстырмаңыз немесе оның үстіне ауыр заттар қоймаңыз.

• Тоңазытқыштың жанында аэрозольдар пайдаланбаңыз.

-Тоңазытқыш жанында пайдаланылған аэрозольдар жарылуға немесе өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

Бұл тоңазытқыш пайдаланылмай тұрып, нұсқаулыққа сəйкес дұрыс орнатылуы жəне орналастырылуы керек.

Электр шнурын төмен қарай салбыратып, дұрыстап жалғаңыз.

-Егер электр шнурын жоғарғы жағын төмен қаратып жалғасаңыз, шнур кесіліп, өрттің шығуына немесе

электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.

Электр шнурының тоңазытқыш қысып қалмағанына немесе зақымдамағанына көз жеткізіңіз.

Тоңазытқышты қозғалтқанда, электр шнурын басып қалмаңыз немесе зақымдап алмаңыз.

-Оның салдарынан өрт шығады.

Құрылғыны орналастырғаннан кейін, шнурына қол жеткізу оңай болуы керек.

Тоңазытқышты жерге қосу керек. - Электр тогының қашуына немесе

тоңазытқыштан ток қашу салдарынан ток ұрмауына жол бермеу үшін тоңазытқышты жерге қосу керек.

Газ түтіктерін, телефон желілерін немесе сол сияқты найзағай қадаларын жерге қосуға пайдаланбаңыз.

-Жерге қосатын сымды дұрыс пайдаланбау салдарынан электр тогы соғуы мүмкін.

Егер электр шнуры зақымдалса, оны

өндірушіге немесе қызмет көрсету орталығының маманына ауыстыртып алыңыз.

Тоңазытқыштың сақтандырғышын білікті техникалық маман немесе қызмет көрсетуші компания ауыстыруы керек.

-Оны істемеу салдарынан электр тогы соғуы немесе адам жарақат алуы мүмкін.

ОРНАТУҒА АРНАЛҒАН АБАЙЛАҢЫЗ САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ

Құрылғының желдетілетін жерлерінде немесе орнату құрылымында кедергілер болмасын.

Орнатқаннан кейін құрылғы 2 сағат тұрсын.

ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН КҮРДЕЛІ

ЕСКЕРТУ ЕСКЕРТУ ШАРАЛАРЫ

Электр шнурын су қолыңызбен ұстамаңыз.

Құрылғының үстіне заттар қоймаңыз.

-Есігін ашқанда немесе жапқанда, заттар құлап адамды жарақаттауы жəне/немесе материалдық шығын келтіруі мүмкін.

Су толтырылған ыдыстарды тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.

-Егер төгіліп кетсе, өрт шығуы немесе электр тогының соғуы мүмкін.

Балаларды есігіне асылдырмаңыз.

-Олай істемеген жағдайда, адам күрделі жарақат алуы мүмкін.

Тоңазытқыш қолданылмай тұрған кезде есіктерін ашық қалдырмаңыз жəне балаларды тоңазытқыштың ішіне кіргізбеңіз.

-Төмен температурадан балалардың зиян шегу жəне күрделі жарақат алу қаупі бар.

Ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды диспенсер тесігіне қоймаңыз.

-Əйтпесе, адамның жарақаттануы немесе материалдық шығын келуі мүмкін.

Бензин, ерітінді, алкоголь, эфир немесе қысылған газ сияқты ауыспалы немесе тез тұтанатын заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.

Қауіпсіздік туралы ақпарат _3