ТЕМПЕРАТУРАНЫ БАСҚАРУ

МҰЗДАТҚЫШ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БАСҚАРУ

Белгілі бір қажеттіліктеріңізге сəйкестендіру үшін мұздатқыш температурасын -14°C (8°F) жəне -25ºC (-14°F) арасынан қоюға болады.

Температура дисплейінен қажетті температура көрсетілгенше, «Мұздатқыш» түймесін қайталап басыңыз.

Балмұздақ сияқты тағамдардың -16ºC (4°F) температурада еритінін естен шығармаңыз. Температура дисплейі -14°C (8°F) жəне -25ºC (-14°F) аралығында ретімен жылжиды. Дисплей -14ºC (8°F) жеткенде, ол -25ºC (-14°F) температурадан басталады. Жаңа температура қойылғаннан кейін бес секунд дисплей қайтадан мұздатқыштың ағымдағы шынайын температурасын көрсетеді. Дегенмен, мұздатқыш жаңа температураға дұрысталған сайын, бұл сан өзгеріп отырады.

ТОҢАЗЫТҚЫШ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БАСҚАРУ

Белгілі бір қажеттіліктеріңізге сəйкестендіру үшін тоңазытқыш температурасын 7ºC (46°F) жəне 1ºC (34°F) арасынан қоюға болады.

Температура дисплейінен қажетті температура көрсетілгенше, «Тоңазытқыш» түймесін қайталап басыңыз. Тоңазытқыштың температура басқару процесі мұздатқыштағы процеске ұқсас істейді. Қажетті

температураны қою үшін «Тоңазытқыш» түймесін басыңыз. Бірнеше секундтан кейін тоңазытқыш жаңадан қойылған температураны бақылай бастайды. Ол сандық дисплейден көрсетіледі.

Мұздатқыштың немесе тоңазытқыштың температурасы есіктерін тым жиі ашқаннан көтерілуі немесе көп жылы немесе ыстық тағам кез келген жағына қойылғанда көтерілуі мүмкін. Ол сандық дисплейдің жыпылықтауына себеп болуы мүмкін. Мұздатқыш жəне тоңазытқыш қалыпты қойылған температураларына қайтқан соң, жыпылықтау тоқтайды. Егер жыпылықтай берсе, тоңазытқышты «нөлдеу» қажет болуы мүмкін. Құрылғыны ажыратып көріңіз, сосын

10минуттай күтіп, қайтадан жалғаңыз.

МҰЗ ЖƏНЕ СУЫҚ СУ ДИСПЕНСЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Қажетті мұз түрін таңдау үшін «Мұз түрі» түймесін басыңыз

Мұз жоқ

Мұз жасағышты өшіргіңіз келсе, осыны таңдаңыз

Мұз текшелер түрінде жасалады.

«Майдаланған» түрі таңдалғанда, мұз жасағыш мұз текшелерін майдалайды.

Мұз түсіру

Стаканыңызды мұз шығатын жерге қойып, мұз диспенсерінің тұтқасын стаканыңызбен ақырын басыңыз.

Мұздың түсіп кетпеуі үшін стаканның диспенсермен біркелкі тұрғанына көз жеткізіңіз.

Су диспенсерін пайдалану

Стаканды су шығатын жерге қойып, су диспенсерінің тұтқасын стаканыңызбен ақырын басыңыз. Судың төгіліп кетпеуі үшін стаканның диспенсермен біркелкі тұрғанына көз жеткізіңіз.

ҚОЛДАНУ 02

Қолдану _17