•• Дұрыс орнатылған аша мен қабырға розеткасын ғана пайдаланыңыз.
––Дұрыс орналастырмасаңыз, ток соғуы немесе жабдықтың зақымдалуы мүмкін. (l класс жабдығы ғана.)
•• Өнімді толығымен өшіру үшін оны қабырға розеткасынан ажырату қажет. Сондықтан қабырға розеткасы мен қуат кабелі барлық уақытта оңай қолжетімді болуы қажет.
•• Балалардың өнімге асылып тұруына жол бермеңіз.
•• Қосалқы бөліктерін (батарея, т.б.) балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз орында сақтаңыз.
•• Өнімді қозғалатын шкаф, еңіс еден секілді тұрақсыз орынға немесе дірілдейтін орынға орнатпаңыз.
•• Өнімді түсіріп алмаңыз немесе ұрмаңыз. Өнім зақымдалса, қуат сымын ажыратып, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•• Құралды тазарту үшін қуат сымын қабырға розеткасынан ажыратып, құралды жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Балауыз, жанармай, сұйытқыштар, жәндіктерге қарсы құрал, ауа тазартқыштар, жағармайлар немесе тазартқыш құрал секілді ешқандай химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Бұл химиялық заттар өнімнің сыртқы бөлігін зақымдауы немесе өнімнің жазуын өшіруі мүмкін.
•• Өнімге еш нәрсе тамбауы немесе шашырамауы тиіс. Өнімге ваза сияқты сұйықтық құйылған заттарды қоймаңыз.
•• Бірнеше электр құрылғыны бір розеткаға қоспаңыз. Розеткаға шамадан тыс жүктеме түскенде ол қызып кетіп, өрт шығуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ!
•• ӨРТ ШАШЫРАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ШАМДАР МЕН АШЫҚ ОТЫ БАР БАСҚА ДА ЗАТТАРДЫ ОСЫ ӨНІМНЕН БАРЛЫҚ УАҚЫТТА АЛЫС ҰСТАҢЫЗ.
•• Өрт немесе ток соғу қаупін азайту үшін құрылғыға жаңбыр немесе ылғал әсерін тигізбеңіз.
Сақтық шаралары
1.Үйіңіздегі АТ немесе ТТ қуат көзі өнімнің артқы жағында орналасқан идентификациялық жапсырмада тізімделген қуат талаптарымен үйлесімді екендігіне көз жеткізіңіз. Өніміңізді көлденеңінен, тиісті бетке (жиһаз), желдету үшін айналасынан жеткілікті бос орын (7~10 см) қалдырып орнатыңыз. Желдету науаларының жабылмағанына көз жеткізіңіз. Құрылғыны күшейткіштердің немесе қызып кетуі мүмкін басқа жабдықтың үстіне қоймаңыз. Аталған құрылғы үздіксіз пайдалану үшін жасақталған. Құрылғыны толығымен өшіру үшін, АТ ашасын қабырға розеткасынан ажыратыңыз.
2.Құрылғыны тікелей күн сәулесі не басқа жылу көздерінің астына қоймаңыз.
Бұл құрылғыны қатты қыздырып, оның бүлінуіне апарып соғуы мүмкін.
3.Құрылғы жұмысында ақаулықтар туындаса, қуат кабелін АТ қабырға розеткасынан ажыратыңыз. Өніміңіз өнеркәсіптік қолданысқа арналмаған. Ол тек жеке қолданысқа арналған. Өнімді суық температураларда сақтаған жағдайда, конденсация пайда болуы мүмкін. Құрылғыны қыс кезінде тасымалдаған болсаңыз, пайдалану алдында құрылғы бөлме температурасына жеткенше 2 сағаттай күтіңіз.
4.Егер аталған қуат көзі 240 В АТ шамасында пайдаланылған болса, тиісті штепсель қолданылуы тиіс.
KAZ - 4