Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Өнімді қолданбастан бұрын, осы пайдалану нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз. Төменде берілген қауіпсіздік нұсқауларын қадағалаңыз. Осы пайдалану нұсқауларын болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
1.Осы нұсқауларды оқыңыз.
2.Осы нұсқауларды сақтаңыз.
3.Барлық ескертулерге назар аударыңыз.
4.Барлық нұсқауларды орындаңыз.
5.Бұл өнімді суға жақын жерде пайдаланбаңыз.
6.Тек құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
7.Желдету саңылауларын бітемеңіз. Өндіруші нұсқауларына сай орнатыңыз.
8.Жылу батареялары, жылытқыштар, пештер немесе басқа жылу шығаратын кез келген аппараттардың (соның ішінде, AV ресиверлер) жанына орнатпаңыз.
9.Полярланған немесе жерге қосылатын штепсельдік ұштың қауіпсіздік қорғауын бұзбаңыз. Полярлы штепсельдік ұштың бірі екіншісінен кеңірек болатын екі істікшесі болады. Жерге тұйықталатын штепсельдік ұштың екі жай және бір жерге тұйықталған істікшесі болады. Кең жақтау немесе үшінші өскін сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді.
Егер қамтамасыз етілген штепсельдік ұш розеткаға келмесе, ескі розетканы ауыстыру мақсатында электр маманына хабарласыңыз.
10.Қуат сымын үстінен жүруден қорғаңыз, сондай- ақ оның әсіресе штепсельдік ұшқа жалғасатын, розеткаға жақын болатын және жабдықтан шығатын бөлігін қысылып қалудан сақтаңыз.
11.Тек өндіруші ұсынған қосымшаларды/ қосалқы бөліктерді пайдаланыңыз.
12.Өндіруші көрсеткен
немесе құралмен бірге сатылған арба, тұрақ, штатив, кронштейн немесе үстелді ғана пайдаланыңыз. Арбаны пайдаланған жағдайда, төңкерілудің нәтижесінде туындайтын жарақаттардың алдын алу үшін арба/аппаратты қозғаған кезде қауіпсіздік шараларын қадағалаңыз.
13.Найзағай мен дауылдарда немесе көп уақыт пайдаланбағанда, өнімді ток көзінен ажыратыңыз.
14.Жөндеу қажет болса, тек қана білікті маманға апарыңыз. Ток өткізуші сым немесе аша зақымдануы, сұйықтықтың төгілуі немесе өнімнің үстіне заттардың құлауы, өнімнің жаңбырдың астында немесе ылғалды жерде қалуы, дұрыс жұмыс істемеуі немесе құлауы сияқты кез келген себеппен зақым келгенде өнімді тексерту қажет.
KAZ - 5