1Қауіпсіздік ақпараты
Абайлаңыз
ЕСКЕРТУ
ТОК СОҒУ ҚАУПІ БАР. ΑШПАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ : ТОК СОҒУ ҚАУПІН АЗАЙТУ
МАҚСАТЫНДА ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ БЕТІН) АШПАҢЫЗ. ІШІНДЕ ПАЙДАЛАНУШЫ ӨЗІ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН БӨЛШЕКТЕР ЖОҚ. БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ МАМАНҒА ЖӨНДЕТІҢІЗ.
IIсынып өнімі: Бұл белгі жерге қосу (тұйықтау) үшін қауіпсіз қосылымның қажет емес екенін көрсетеді.
АТ кернеуі: Бұл белгі осы белгімен көрсетілген номиналды кернеудің АТ кернеуі екенін көрсетеді
ТТ кернеуі: Бұл белгі осы белгімен көрсетілген номиналды кернеудің ТТ кернеуі екенін көрсетеді.
Назар аударыңыз, Пайдалану үшін нұсқауларды қараңыз: Бұл белгі пайдаланушыға қосымша қауіпсіздік ақпаратын пайдаланушы нұсқаулығынан қарау керек деп нұсқайды.
Белгі Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық- түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Белгі қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Белгі сандық код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.
Бұл белгі ішкі бөлігінің кернеуі жоғары екендігін көрсетеді. Осы өнімнің ішкі бөлігіне кез келген жағдайда қол тигізу қауіпті.
Бұл белгі өніммен бірге жұмыс істеуге және күтім көрсетуге қатысты маңызды әдебиеттер берілгендігін көрсетеді.
•• Корпусындағы және артқы жағы мен астындағы саңылаулар мен тесіктер желдету үшін жасалған. Бұл құрылғының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны қатты қызып кетуден қорғау үшін осы ұялар мен саңылаулар бітеліп немесе жабылып қалмауы тиіс.
•• Бұл құрылғыны
•• Бұл құрылғы батареяларды пайдаланады. Сіз тұратын жерде осы батареяларды дұрыс тастауды талап ететін қоршаған ортаны қорғау ережелері болуы мүмкін. Тастау немесе өңдеу туралы ақпарат алу үшін жергілікті өкілетті органдарға хабарласыңыз.
•• Қабырға розеткаларын, ұзартқыш сымдарды немесе адаптерлерді шамадан тыс жүктемеңіз, себебі бұл өртке немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
•• Қуатпен жабдықтау сымдарын үстінен біреу басып кетпейтіндей немесе үстіне не тұсына қойылған заттар қысып тастамайтындай етіп өткізіңіз. Ашаның ұшындағы, қабырға розеткаларындағы сымдарға және олар құрылғыдан шығатын жерге ерекше назар аударыңыз.