•• Егер қашықтан басқару құралында пайдаланылатын батареяларды батареяның дұрыс емес түрімен ауыстырсаңыз, жарылыс қатері туындайды. Тек бірдей немесе балама түрдегі батареямен ауыстырыңыз.

•• АБАЙЛАҢЫЗ – ӨРТ ШЫҒУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ ҮШІН ШЫРАҒДАНДАР МЕН АШЫҚ ЖАНҒАН ОТЫ БАР БАСҚА ЗАТТАРДЫ ӘРҚАШАН ДА ОСЫ ӨНІМНЕН АУЛАҚ ҰСТАҢЫЗ.

•• ЕСКЕРТУ

-- Өрт немесе ток соғу қаупін азайту үшін, бұл құрылғыға жаңбыр немесе ылғал тигізбеңіз.

▷▷ 1-КЛАСТЫ ЛАЗЕРЛІ өнім

Бұл ықшам диск ойнатқышы 1-КЛАСТЫ ЛАЗЕРЛІ өнім ретінде санатталған. Осы құжатта көрсетілмеген басқа басқару элементтерін, реттеулерді немесе процедураларды пайдалану аса қауіпті радиациялық сәулелену жағдайларын туындауы мүмкін.

ЕСКЕРТУ :

•• БҰЛ ӨНІМДЕ ЕГЕР ТУРА БАҒЫТТАЛСА ҚАУІПТІ РАДИАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕЛЕНУДІ ТУҒЫЗАТЫН КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН ЛАЗЕР СӘУЛЕЛЕРІ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ. ӨНІМДІ НҰСҚАУЛЫҚҚА СӘЙКЕС ДҰРЫС ҚОЛДАНЫҢЫЗ.

•• БҰЛ ӨНІМДЕ ЛАЗЕР БАР. ОСЫ ҚҰЖАТТА КӨРСЕТІЛМЕГЕН БАҚЫЛАУ, РЕТТЕУЛЕР НЕМЕСЕ ПРОЦЕДУРАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ АСА ҚАУІПТІ РАДИАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕЛЕНУДІ ТУҒЫЗУЫ МҮМКІН. ҚАҚПАҚТАРДЫ АШПАҢЫЗ ЖӘНЕ ӨЗ БЕТІҢІЗБЕН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗБЕҢІЗ. БІЛІКТІ МАМАНҒА ЖӨНДЕТІҢІЗ.

Бұл өнімді басқа құрал-жабдыққа қосу үшін қолданылатын экрандалған кабельдер мен қосқыштар СЕ талаптарына сай келеді. Радио және теледидар сияқты электр құрал- жабдықтарында туындайтын электромагниттік кедергінің алдын алу үшін экрандалған кабельдер мен қосқыштарды қолданыңыз.

CLASS 1

LASER PRODUCT

KLASSE 1

LASER PRODUKT

LUOKAN 1

LASER LAITE

KLASS 1

LASER APPARAT

PRODUCTO

LÁSER CLASE 1

Ultra HD Blu-ray Disc/Blu-ray Disc/DVD дискінің

аймақтық нөмірі өнімнің аймақтық нөміріне сәйкес келмесе, өнім дискіні оқымайды.

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ

Осы құрал-жабдықтың сым желісінде сақтандырғышпен бірге құйылған айырша бар. Сақтандырғыш өлшемі айыршаның істікшелі жағында көрсетілген.

Егер оны алмастыру қажет болса, BS1362 өлшеміне сәйкес сақтандырғыш қана қолданылуы тиіс.

Сақтандырғыш қаптамасы ашық болған жағдайда, айыршаны ешуақытта пайдаланбаңыз. Сақтандырғыш қаптамасын ауыстыру қажет болса, оның түсі айыршаның істікшелі бетімен бірдей болуы тиіс. Ауыстырмалы қаптамаларды сатушыдан алуға болады.

Егер айырша үйдегі ток көзіне қосуға келмесе немесе кабельдің ұзындығы ток көзіне жетпесе, қауіпсіздік талаптарына сай келетін ұзартқыш электр желісін пайдалану қажет немесе жабдықтаушыдан көмек сұраңыз.

Дегенмен, айыршаны кескеннен басқа амал жоқ болса, сақтандырғышты алып тастап, айыршаны қауіпсіз жойыңыз. Айыршаны ток көзіне жалғамаңыз, себебі ашық сымнан ток соғу қаупі бар.

Аппаратты ток көзінен ажырату үшін, айыршаны ток көзінен суырып алыңыз. Ток көзі бос тұруы қажет.

Осы пайдаланушы нұсқаулығымен бірге берілетін құрылғы белгілі бір үшінші тараптардың зияткерлік меншік құқықтары бойынша лицензияланған.

4Қазақша

Page 44
Image 44
Samsung UBD-M8500/RU manual ▷▷ 1-КЛАСТЫ Лазерлі өнім, Ескерту