Samsung UE40F6130AKXRU Ұрлыққа қарсы қолданылатын Кенсингтон құлпы, Сақтау және күтім көрсету

Models: UE50F6130AKXRU UE40F6130AKXRU

1 87
Download 87 pages 35.2 Kb
Page 84
Image 84

Ұрлыққа қарсы қолданылатын

Кенсингтон құлпы

Samsung компаниясы Кенсингтон құлпымен жабдықтамайды. Кенсингтон құлпы - құрылғыны қоғамдық жерлерге орнатқан кезде бекітуге арналған құрал. Құлыптың сыртқы көрінісі және құлыптау тәсілі өндірушісіне байланысты әр түрлі болып келеді. Кенсингтон құлпын дұрыс қолдану туралы қосымша ақпаратты оның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Теледидардың артқы жағындағы “K” таңбасын табыңыз. Кенсингтон ұяшығы “K” таңбасының артында орналасқан.

Орналасатын орны мен түсі үлгі түріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.

<Қосымша>

Құрылғыны құрсаулау үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Кенсингтон құлпының сымын тақта немесе орындық

тәрізді үлкен, орнықты затты айналдыра орап бекітіңіз.

2. Сымның құлып бекітілген ұшын Кенсингтон құлпы сымының құлақшасы бар ұшынан өткізіңіз.

3. Бекіту құралын құрылғының Кенсингтон ұяшығына салыңыз.

4. Құлыпты бекітіңіз.

Бұл жалпылама нұсқаулар. Нақты нұсқау алу үшін, бекіту құралының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Құлып жеке сатылады.

Сақтау және күтім көрсету

Егер теледидар бейнебетіне жапсырылған жапсырманы алсаңыз, орнын тазалап содан кейін теледидарды қараңыз.

Құрылғы корпусының сыртына және бейнебетіне тазалау барысында сызат түсуі мүмкін. Құрылғы корпусының сыртына және бейнебетіне сызат түспес үшін жұмсақ шүберекпен сүртуді ұмытпаңыз.

Құрылғыға су шашуға болмайды. Құрылғыға кірген кез келген сұйық зат оны бүлдіруі, өртке себеп болуы немесе электр қатерін тудыруы мүмкін.

Құрылғыны аз ғана су сіңірілген жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тұтанғыш сұйықтарды (мысалы, бензин, сұйылтқыш) немесе тазалағыш затты қолданбаңыз.

Қақпаққа қатысты сақтық шарасы

32" - 50" үлгілеріне арналған

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Қақпақтың тетігі білікті қызмет көрсету мамандарына ғана арналған. Электр немесе өрт қатерін азайту үшін, егер білікті маман болмасаңыз, қақпақтың тетігін пайдаланбаңыз.

Tеледидардың артқы панелі

Қақпағы

Үлгі түріне қарай артқы панель әр түрлі болуы мүмкін.

Қазақша - 18

Page 84
Image 84
Samsung UE40F6130AKXRU, UE50F6130AKXRU Ұрлыққа қарсы қолданылатын Кенсингтон құлпы, Сақтау және күтім көрсету, Қосымша