ТД-ды тұрғыға бекіту

Көрсетілген керек-жарақтардың барлығының бар екеніне көз жеткізіп, тұрғыны құрастыру нұсқауларында көрсетілген жолмен құрастырыңыз.

ТД-ды қабырғалық аспа жинақты (опция) пайдаланып қабырғаға орнату

Егер құрылғыны қабырғаға орнатсаңыз, өндіруші ұсынған жолмен орнату керек. Егер дұрыс орнатылмаса, құрылғы жылжып немесе құлап қалып, баланы немесе ересек адамды қатты жарақаттауы, құрылғыға елеулі зақым келтіруі мүмкін.

Қабырғалық аспа жинағын орнату

Қабырғалық аспа жинақ (бөлек сатылады) ТД-ды қабырғаға орнатуға мүмкіндік береді.

Қабырғалық аспа жинақты орнатуға қатысты толық ақпаратты, қабырғалық аспа жинақтың нұсқаулығынан қараңыз. Қабырғаға орнатылатын құрсауды орнына қондыру үшін техник маманды көмекке шақыруды ұсынамыз. Өз бетіңізбен орнатуды ұсынбаймыз. Samsung Electronics компаниясы қабырғалық аспа жинақты өз бетіңізбен орнатып, жарақат алсаңыз не басқа адамдар зардап шексе немесе мүлікке нұқсан келсе, жауапкершілік көтермейді.

Қабырғалық ТД аспаның қапсырмасы

C

Қабырғалық аспа жинақ параметрлері (VESA)

Қабырғалық аспа жинақ ТД-мен бірге жеткізілмейді, бірақ жеке сатылады. Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Қабырғалық аспа жинақты ғимараттың басқа материалдарына орнату үшін, жақын жердегі дилерге хабарласыңыз. Егер өнімді төбеге немесе көлбеу қабырғаға орнатса құлап, адам қатты жарақат алуы мүмкін.

-- Қабырғалық аспа жинақтың стандартты өлшемдері төмендегі кестеде көрсетілген.

-- Біздің қабырғалық аспа жинақты сатып алған кезде, оны орнатуға қатысты толық нұсқаулық пен барлық керек - жарақтар беріледі.

-- VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз.

-- Стандартты өлшемнен ұзын немесе VESA бұрандалар стандартына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз. Тым ұзын бұрандалар ТД-дың ішкі бөлшектеріне зақым келтіруі мүмкін.

Казақ - 4

Page 66
Image 66
Samsung UE40H6350AKXRU manual ТД-ды тұрғыға бекіту, Қабырғалық аспа жинағын орнату, Қабырғалық аспа жинақ параметрлері Vesa