04Графикалық сурет режимін пайдалану

> Графикалық сурет

Графикалық сурет функциясын теледидарды толық экранда көрмей отырғанда, өнер туындылары не сурет тәрізді мазмұндарды көрсету үшін пайдалануға болады.

•• Қашықтан басқару пультіндегі түймесін басып, теледидар режиміне немесе Графикалық сурет режиміне ауысыңыз.

•• Теледидар режиміне ауысу үшін түймесін Графикалық сурет режимінде басыңыз.

•• Фотосуретті таңдасаңыз, оны Графикалық сурет режимінде тамашалауға болады.

•• Теледидарды толық сөндіру үшін қашықтан басқару пультінің түймесін немесе теледидардың астыңғы жағындағы қуат түймесін басыңыз.

–– Samsung TV қашықтан басқару пультінен басқа қашықтан басқару пультін пайдалансаңыз, теледидар толық сөнбеуі мүмкін.

•• Графикалық сурет режимінде теледидардың жарығы мен түс температурасы қоршаған ортаның жарығына байланысты автоматты түрде реттеледі және теледидарды автоматты түрде қосуға немесе сөндіруге болады.

–– Әдепкі бойынша теледидар Графикалық сурет режимінде айналадағы жарық күңгірт тартқан кезде экран автоматты түрде сөнетіндей етіп бапталған.

•• Теледидар көзге көрінетін өзгерістерді, соның ішінде пайдаланушының қимылын анықтап теледидарды автоматты түрде қосу не сөндіру үшін мобильдік құрылғыда Smart View қолданбасын пайдаланып, қимыл сенсоры параметрлерін орнатуға болады.

•• Графикалық сурет режимінде мобильдік құрылғыны теледидарға Bluetooth арқылы қосып, мобильдік құрылғыдағы музыканы тыңдауға болады.

–– Sound Mirroring функциясын мобильдік құрылғының Smart View қолданбасынан қосыңыз. (Функциялары мен терминдері Smart View қолданбасының нұсқасына қарай әр түрлі болуы мүмкін.)

–– Мобильдік құрылғыдағы Bluetooth функциясын қосып, қосылғыңыз келген теледидарды таңдаңыз.

Кескіндерді қарау

Кескінді Графикалық сурет режимінде қарау үшін тһмендегі мәзірлердің біреуін таңдаңыз. Суреттерді таңдауға болатын ішкі режимге ауысу үшін Таңдау түймесін, төрт меңзер түймелердің бірін немесе түймесін Графикалық сурет режимінде басыңыз. Содан кейін кескінді жылжыту үшін қашықтан басқару пультінің бағдар меңзерлерін пайдаланып, содан кейін Таңдау түймесін басыңыз. Таңдалған кескінді Графикалық сурет режимінде қарауға болады.

Қазақ - 12

Page 96
Image 96
Samsung UE43LS003AUXRU manual 04 Графикалық сурет режимін пайдалану, Кескіндерді қарау