Қимылсыз бейнеге қатысты ескерту

Теледидар режимінде The Frame қосулы тұрғанда, экранда қимылсыз суреттерді (мысалы, jpeg сурет файлдары), қимылсыз сурет элементтерін (мысалы, теледидар арнасының логотиптері, экранның астыңғы жағындағы биржа және жаңалықтар жолағы, т.б.) не панорама не 4:3 пішіміндегі бағдарламаларды көрсетпеуге тырысыңыз. Егер қимылсыз суреттерді экранға үздіксіз шығарсаңыз, бұл жарық диодты экранда таңдақ суреттің пайда болуына әкеліп, оның сапасына нұқсан келтіруі мүмкін. Бұндай әсердің салдарын азайту үшін төмендегі ұсыныстарды орындаңыз:

•• Теледидардан бір арнаны ұзақ уақыт бойы қарамауға тырысыңыз.

•• Кез келген суретті әрқашан экранға толық шығарып көріңіз. Мүмкіндігінше жақсы сәйкес келтіру үшін теледидардағы сурет пішіміндегі мәзірді пайдаланыңыз.

•• Сурет қалып қоймас үшін жарықтылық пен контраст мәндерін азайтыңыз.

•• ТД-дың суреттің басылуын немесе экранның жануын болдырмайтын функцияларының барлығын пайдаланыңыз. Толық ақпаратты эл. нұсқаулықтан алыңыз.

ТД-ды күтіп ұстау

•• Егер ТД экранына жапсырма жабысып тұрса, жапсырманы алғаннан кейін орны сәл ластанып қалуы мүмкін. ТД қарауға кіріспей тұрып осы қоқысты тазалаңыз.

•• ТД корпусының сыртын және экранын тазалаған кезде сызат түсуі мүмкін. Құрылғы корпусының сыртына және экранына сызат түспеу үшін жұмсақ шүберекпен сүртуді ұмытпаңыз.

•• ТД-ға су немесе кез келген сұйық затты тура шашпаңыз. Құрылғыға кірген кез келген сұйық зат оны бүлдіруі, өртке себеп болуы немесе электр қатерін тудыруы мүмкін.

•• Экранды тазалау үшін теледидарды өшіріңіз де, панельдегі дақтар мен саусақ таңбаларын микроталшықты шүберекпен ақырындап сүртіңіз. ТД-дың корпусын немесе панелін шамалы су сіңірілген микроталшықты шүберекпен тазалаңыз. Осыдан кейін ылғалды құрғақ шүберекпен сүртіп кетіріңіз. Тазалаған кезде панельдің бетіне қатты күш түсірмеңіз, себебі бұл панельді бүлдіруі мүмкін. Тұтанғыш сұйықтарды (мысалы, бензол, сұйылтқыш, т.с.с.) немесе тазалағыш затты ешқашан қолданбаңыз. Қатып қалған дақтарды кетіру үшін экран тазартқыш құралдың шағын мөлшерін микроталшықты шүберекке себіңіз де, онымен дақтарды сүртіп кетіріңіз.

Қазақ - 24

Page 108
Image 108
Samsung UE43LS003AUXRU manual Қимылсыз бейнеге қатысты ескерту, ТД-ды күтіп ұстау