САҚТАНДЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАРЫ
1.Нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Қосар алдында электр желісінің қуатыаспаптың астына жабыстырылған шаңсорғыштың техникалық сипаттамасы көрсетілген кестедегі мəліметке сай екендігіне көз жеткізіңіз.
2.ЕСКЕРТУ : Шаңсорғышты дымқыл кілемдерді немесе едендерді тазарту үшін пайдаланбаңыз.
a.Шаңсорғышпен су сормаңыз.
3.Балалардың көзінше кез келген тұрмыстық аспапты пайдаланған кезде ерекше ұқыпты болу керек. Балаларға шаңсорғышпен ойнауға рұқсат бермеңіз. Ересектердің қадағалауынсыз балаларға шаңсорғышты қосуға рұқсат бермеңіз. Шаңсорғышты аталмыш нұсқаулықта көрсетілген мақсатта ғана пайдаланыңыз.
4.Шаңсорғышты шаң жинағыш қабынсыз қолданбаңыз.
Шаңсорғышыңыз тиімді жұмыс істеу үшін шаң жинағыш қапты толмай тұрып ауыстырыңыз.
5.Шаңсорғышты ши, ыстық күл немесе темекі тұқылдарын жинау үшін пайдаланбаңыз. Шаңсорғыштың ас үй плитасы немесе басқа да жылу көздерінің жанында орналасуына жол бермеңіз. Жоғары температура аспаптың пластикалық бөлшектерінің майысып жəне ағарып кетуіне əкеліп соғуы мүмкін.
6.Шаңсорғышпен қатты, үшкір заттарды жинауға болмайды, себебі олар шаңсорғыштың бөлшектеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Шлангтың үстіне тұрмаңыз. Шланг үстіне ауыр заттар қоймаңыз. Соратын немесе шығаратын тесіктерді бекітпеңіз.
7.Розеткадан электркөзі шнурын ажыратпас бұрын шаңсорғышты корпусының үстіндегі түймешені басу арқылы өшіріңіз. Қапшығын немесе шаң жинағыш контейнерін шығармас бұрын электркөзі шнурының айырын электр розеткасынан ажыратыңыз. Электркөзі шнурын бүлдіріп алмас үшін шнурдан емес айырдан ұстап розеткадан ағытқан дұрыс.
8.Аспапты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін жауапты тұлғаның тиісті қарауында болмаса, аталмыш аспапты балалар немесе егде адамдар пайдалануға болмайды. Балалар аспапты ойыншық ретінде қолданбас үшін мұқият қадағалап отыру керек.
9.Аспапты тазарту немесе
10.Ұзартқыштар пайдалануға болмайды.
11.Егер шаңсорғыш дұрыс істемесе, оны электр желісінен ажыратып, ресми сервис агентімен кеңесіңіз.
12.Егер электркөзі шнуры зақымданса, қауіптен сақтану үшін оны өндіруші немесе оның сервис агенті немесе біліктілігі соған сай маман ауыстыруы керек.
13.Шаңсорғышты шлангысынан ұстап көтеруге болмайды. Ол үшін шаңсорғыштағы тұтқаны пайдаланыңыз.
14.Шаңсорғыш шаң басқан жердің үстін тазартуға арналған.
15.Шаңсорғышты тағамдық өнімдер (мысалы, құм шекер, тұз, ұн, жəне басқа еспе тағамдар), сонымен қатар құрылыс материалдары (мысалы, əк, құм, топырақ, цемент, т.б.), кір жуғыш ұнтақ шашылып жатқан жерді жинау үшін пайдаланбаңыз.
16.Бүлінген шаңсорғышты пайдаланбаңыз. Кейбір ақаулықтар пайда болған жағдайда шұғыл түрде Самсунг Электроникс компаниясының авторизацияланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл тек үй тұрмысында ғана қолдануға арналған шаңсорғыш. Бұл шаңсорғышты Ескерту құрылыс жұмыстарынан қалған қоқыстарды немесе қалдықтарды тазалау үшін
қолданбаңыз. Бұл шаңсорғыштың сүзгілерінің бірі алынып тұрса қолдануға болмайды, себебі оның ішкі бөлшектеріне нұқсан келуі жəне кепілдік заңды күшінен айырылуы мүмкін.