Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды өзгертеді. Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung кір жуғыш машинасы жалықтырған жұмысты сүйікті іске айналдырады.

Балалардың киімін жуу жүйесі

Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін қорғайтын, кір жуу бағдарламасы бар.

Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді, себебі жуғаннан кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері қалады. Сондай-ақ бағдарламалар кірді түріне қарай бөлуді қарастырады да, кір жуу кірдің сипаттамасына сəйкес жүзеге асады.

Балалардан қорғайтын құлып

«Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі балалардың машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді. Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап жүрген балалардан қорғалып тұрады.

Жууды кейін бастау

Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану үшін (арасы 1 сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін бастауға мүмкіндік береді.

Жедел 15-минуттік кір жуу

Сіз уақытыңызды тектен-текке құртпайсыз! 15-минуттік кір жуу Сізге оны бұрынғыдан гөрі ерте аяқтауға мүмкіндік береді.

Біздің 15 минуттық тез кір жуу бағдарламасы - əрқашан қолы босамай жүретіндерге таптырмас шешім. Енді сүйікті киіміңізді небəрі 15 минутта жууға болады!

Қолмен жуу бағдарламасы

Күтімді жуу сəйкес температураға, судың қажет көлеміне жəне іш- киімдерге жұмсақ əсер етуге байланысты жүреді.

Керамикалық жылытатын бөлігінің сенімділігі өте жоғары жəне үнемді (кейбір түрлерінде бар)

Жаңа керамикалық жылытатын бөлік қарапайым жылытатын бөліктерге қарағанда екі есе сенімді, бұл жөндеуге кететін шығын мөлшерін азайтады. Сондай-ақ мұндай жылытатын бөлікке қатты судан қақ тұрып қалмайды жəне ол электр энергиясын үнемдеуге көмегін тигізеді.

2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

WF0702NB-02801K_KK.indd 2

 

 

2010-6-10 16:28:07