Жылдам жуу

Əрбір минут санаулы! Біздің 15 минуттық Жылдам жуу мүмкіндігі жуып, ісіңізге асығуға мүмкіндік береді. Жылдам жуу бағдарламамыз оқиғаға толы өміріңізді ауыздықта ұстауға көмектеседі – сүйікті киімдеріңізді (2 кг-ға дейін) ендігі жерде бар болғаны 15 минут ішінде жуа аласыз!

Eco барабанын тазарту

Eco барабанын тазарту мүмкіндігін пайдалану кір жуғыш машинаны аса таза ұстауға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктің, Eco/Performance таңдауына қарай, барабанды тазалайтын химиялық тазалағыш реагенттерді пайдалану (немесе пайдаланбау) опциясы бар – жақсы нəтижені химиялық реагенттердің көмегінсіз-ақ көрсету үшін цикл Samsung компаниясы арқылы арнайы жасалды. Барабан ішінде ыстық суды (70ºC) айналдыратын осы арнайы тазалау бағдарламасы арқылы барабанды тазаланған жəне иіссіз күйде ұстаңыз, түбегейлі тазалау циклінің ұзақтығы 90 минуттан аспайды. Бұл жалғыз қалдырылған жағдайда өсіп, иістер мен түссізденуге əкелуі мүмкін барабан ішіндегі зең мен бактериялардан арылу үшін тиімді.

Eco Bubble мүмкіндігінің қолдауымен де жақсы жұмыс жасайды, осылайша маталарды үнемі салқындау келетін температураларда жууға жəне гигиена деңгейінің жоғары болуы үшін кір жуғыш барабанды аракідік тазалап тұруға мүмкіндік береді.

Балалардан қорғайтын құлып

«Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі балалардың машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.

Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап жүрген балалардан қорғалып тұрады.

Жууды кейін бастау

Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану үшін (арасы 1 сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін бастауға мүмкіндік береді.

Сандық графикалық дисплей

Сандық графикалық дисплейдің басқару панелі түсінікті жəне сабылысты азайту үшін пайдалануға ыңғайлы етіп жасалған. Пайдалануды оңай еткенімен қоймай, сандық графикалық дисплей керемет жуу нəтижелеріне қол жеткізу үшін жуу циклына жылдам жəне дəл түзетулер жасауға мүмкіндік береді.

Кеңінен ашылатын есік

Кеңінен ашылатын есігі қарауға ыңғайлы! Енді төсек жабдықтары, орамал жəне т.б. сияқты көлемді заттарды да машинаға салып, шығару ешқандай қиындық тудырмайды.

Су ішекқұбыры жəне судың аққанын анықтайтын сенсор (кейбір түрлерінде бар)

Samsung кір жуғыш машиналарының ақылды түрде жасалған су қауіпсіздігінің жүйесі судың ағуын дəл ағатын тұсынан тоқтатуға арналған ақылды ішекқұбырды жəне машинаның төменгі жағында орналасқан судың аққанын анықтайтын сенсорды қамтиды. Егер ішекқұбыр жыртылып кетсе немесе судың аққаны байқалса, судың түтікшеден ағуын тоқтату үшін ішкі су сіңіргіш жөкені шығарады.

Керамикалық жылытатын бөлігінің сенімділігі өте жоғары жəне үнемді (кейбір түрлерінде бар)

Жаңа керамикалық жылытатын бөлік қарапайым жылытатын бөліктерге қарағанда екі есе сенімді, бұл жөндеуге кететін шығын мөлшерін азайтады. Сондай-ақ мұндай жылытатын бөлікке қатты судан қақ тұрып қалмайды жəне ол электр энергиясын үнемдеуге көмегін тигізеді.

Бұл нұсқаулықта Samsung кір жуғыш машинасын орнату, қолдану жəне күту бойынша маңызды ақпараттар бар. Онда басқару панелі қалай жұмыс істейтіндігін, кір жуғыш машинаның мүмкіндіктері мен барлық қызметтерін қалай қолдану керектігін біле аласыз. 37 беттегі «Ақаулықтарды жою жəне қате туралы хабарламаларды оқу» бөлімінде бүлінулер болған жағдайда не жасау керек екендігі көрсетілген.

Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі _3

WF0702XK-02970D-03_KK.indd 3

2011-2-19 9:33:09

Page 91
Image 91
Samsung WF0602WKN/YLP, WF0602WKE/YLP Жылдам жуу, Eco барабанын тазарту, Балалардан қорғайтын құлып, Жууды кейін бастау