Ақаулықты түзету және жөндеу
Ақаулықты түзету
Егер ТД-да ақау бар сияқты болса, әуелі осы ықтимал ақаулықтар мен шешімдер тізімін қараңыз. Сондай-ақ, эл. нұсқаулықтың Ақаулықты түзету бөлімін қараңыз. Егер ақаулықты түзету үшін берілген кеңестердің біреуі де көмектеспесе, “www.samsung.com” торабындағы Қолдау пәрменін басыңыз немесе осы нұсқаулықтың артқы мұқабасындағы тізімде көрсетілген байланыс орталығына қоңырау шалыңыз.
-- Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі технология бойынша жасалған кіші пикселдер қолданылды. Дегенмен, экранда шамалы жарық немесе күңгірт пикселдер бар болуы мүмкін. Бұл пикселдер құрылғы жұмысына әсер етпейді.
-- ТД-ды оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламалық жасақтаманы соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз. Қазір жаңарту немесе Автоматты жаңарту функцияларын ТД мәзірінен ( > Баптаулар > Қолдау > Бағдарламалық құралды жаңарту > Қазір жаңарту немесе > Баптаулар > Қолдау > Бағдарламалық құралды жаңарту > Автоматты жаңарту) арқылы қолданыңыз.
ТД іске қосылмайды.
•АТ сымының қабырғадағы розеткаға және ТД-ға мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
•Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына және ТД-ға қуат индикаторы қанық қызыл түспен жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
•ТД-дың Қуат түймесін басып, ақаулықтың қашықтан басқару пультіне байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер ТД қосылса, төмендегі “Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді” тармағын қараңыз.
Сыртқы құрылғыдан сурет/бейне/дыбыс немесе бұрмаланған сурет/бейне/ дыбыс шығып тұрған жоқ немесе ТД-да "Сигнал әлсіз не жоқ" хабары көрсетіледі немесе арнаны таба алмай тұр.
•Қосылымның құрылғыға дұрыс жалғанғанына және барлық сымдардың толық қосылғанына көз жеткізіңіз.
•ТД-ға және сыртқы құрылғыларға қосылған барлық сымдарды ағытып, қайта жалғаңыз. Егер мүмкін болса жаңа сымдарды қолданыңыз.
•Дұрыс сигнал көзінің таңдалғанын ( > Сигнал көзі) растаңыз.
•Ақаулық ТД немесе құрылғыдан екенін анықтау үшін ТД-дың өзіндік диагностикасын орындаңыз. ( > Баптаулар
> Қолдау > Өзін-к диагностика > Сурет сынағын бастау немесе Дыбыс сынағын бастау).
•Сынақтың нәтижелері қалыпты болса, барлық қосылған құрылғының қуат сымын ағытып, қайта жалғап құрылғыларды қайта іске қосыңыз. Мәселе сонда да шешілмесе, қосылған құрылғының пайдаланушы нұсқаулығындағы қосылымды жүзеге асыру нұсқауын қараңыз.
•ТД кабель қорапшасына немесе жерсерік ресиверіне қосылмаса, Автоматты баптау функциясын арналарды іздеу үшін ( > Баптаулар > Тарату > Автоматты баптау) қосыңыз.
Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.
•Қашықтан басқару пультіндегі Қосу түймесін басқанда,ТД-ға қуат индикаторының жыпылықтап тұрғанын-тұрмағанын тексеріңіз. Егер жыпылықтамаса, қашықтан басқару пультіндегі батареяларды ауыстырыңыз.
•Батареялардың полюстерінің (+/–) дұрыс бағытта орнатылғанына көз жеткізіңіз.
•Қашықтан басқару пультін ТД-ға 5-6 фут (1,5~1,8 м) қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.
Кабель немесе жерсерік ресиверінің қашықтан басқару пульті, ТД-ды іске қоспайды не сөндірмейді немесе дыбысын реттемейді.
•Кабель немесе жерсерік ресиверінің қашықтан басқаратын пультін, ТД-ды басқаратын етіп бағдарламалаңыз. SAMSUNG ТД кодын, Кабель немесе жерсерік ресиверінің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.