САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
1.Үйіңіздегі айнымалы ток көзі өнімнің артында орналасқан идентификациялық жапсырмада көрсетілгенге сай екеніне көз жеткізіңіз. Өнімді ыңғайлы жерге (жиһаздың үстіне), айналасында желдетуге жеткілікті бос орын
2.Найзағайлы дауыл болғанда айнымалы ток штепсельдік ұшын розеткадан суырыңыз. Найзағайдан кернеудің барынша күрт жоғарылауы құрылғыны зақымдауы мүмкін.
3.Құрылғыға күн сәулесін немесе басқа жылу көздерін түсірмеңіз. Бұл құрылғының шамадан тыс қызуына және дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
4.Өнімді ылғалдан (мысалы, құмыралардан), шамадан тыс жылудан (мысалы, камин) және күшті магниттік немесе электр өрістерін тудыратын жабдықтардан қорғаңыз. Өнім жұмысында ақаулық пайда болса, қуат кабелін айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. Өнім өндірістік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл өнім тек жеке пайдалануға арналған. Өнім суық жерде сақталған болса, конденсация орын алуы мүмкін. Егер құрылғы қыста тасымалданған болса, пайдалану алдында ол бөлме температурасына жеткенше шамамен 2 сағат күтіңіз.
5.Осы өнімнің батареяларында қоршаған ортаға зиянды химиялық заттар бар. Батареяларды үй қоқысымен бірге тастамаңыз. Батареяларды отқа тастамаңыз. Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.
Батареяны дұрыс салмаған кезде жарылыс шығу қаупі бар. Батареяның орнына, дәл осындай батареяны салыңыз.
АШЫҚ КӨЗ ЛИЦЕНЗИЯСЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ
Бұл өнімде пайдаланылатын ашық бастапқы код туралы қосымша ақпаратты келесі
ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ
•Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен кескіндер тек анықтама ретінде берілген және өнімнің нақты түрі өзгеше болуы мүмкін.
•Төмендегі жағдайдың бірінде әкімшілік ақы алынуы мүмкін:
a.инженер өтініш бойынша шақырылса, бірақ өнімде ешқандай ақау болмаса (яғни, осы пайдаланушы нұсқаулығын оқымағансыз);
b.құрылғыны жөндеу орталығына апарсаңыз, бірақ өнімде ешқандай ақау болмаса (яғни, осы пайдаланушы нұсқаулығын оқымағансыз).
•Мұндай әкімшілік ақының көлемі қандай да бір жұмыс орындалмастан немесе үйге бармастан бұрын хабарланады.
· 2 · Қазақша