1.Samsung TV құрылғысын және Soundbar құрылғысын қосыңыз.
2.Soundbar құрылғысының жоғарғы жағындағы түймесін немесе қашықтан басқару құрылғысындағы SOURCE түймесін басу арқылы Soundbar құрылғысының дисплейіндегі TV режимін таңдаңыз. (Режимдер мына ретпен көрсетіледі: D.IN → AUX → HDMI → BT → TV.)
3.Төменде көрсетілген байланыс хабары теледидар экранында көрсетілген кезде, теледидарыңыздың қашықтан басқару құрылғысындағы <Иә> түймесін таңдаңыз.
Samsung аудио құрылғысы табылды.
Теледидар дыбысын осы құрылғы
арқылы тыңдағыңыз келеді ме?
Иә Жоқ
Теледидардың қашықтан басқару құралымен <Иә> жауабын таңдаңыз.
4.Soundbar құрылғысы теледидар дыбысын шығарады.
cTV SoundConnect байланыстыру процесі орындалмаса, теледидардың дауыс мәзіріндегі SoundConnect функциясына өтіңіз де, Жаңа құрылғы қосу параметрін таңдап, Жаңа құрылғы қосу параметрін ҚОСУЛЫ күйіне орнатыңыз. Содан соң, әрекетті қайталаңыз.
cЕгер Soundbar құрылғысы TV SoundConnect арқылы теледидарыңызға қосылған болса, Soundbar құрылғысының қашықтан басқару құрылғысы немесе теледидардың қашықтан басқару құрылғысы арқылы дыбысты өзгерте аласыз.
cTV SoundConnect (Soundshare) функциясы тек 2012 жылдан кейін шығарылған кейбір Samsung теледидарларында бар.
cТеледидармен жасалған байланысты ажырату және басқа теледидармен байланыс орнату үшін қашықтан басқару құралындағы p түймесін 5 секундтан артық басып тұрыңыз.
cTV SoundConnect режимінде Soundbar құрылғысын басқа Bluetooth құрылғысына қосу мүмкін емес.
cӨнімнің үстіне электрондық құрылғылар мен металл заттарды қоймаңыз. мысалы, сымды/сымсыз маршрутизатор, ТД приставкасы немесе модем
cӨнімді еденге қойғанда, еден материалына байланысты сымсыз желі өнімділігі азаюы мүмкін.
· 6 · Қазақша