Samsung DA-F60/RU manual Қолдану бойынша сақтық шаралары, Тазалау бойынша сақтық шаралары

Page 15

Пластмассадан жасалған орауыш материалдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

-Балалардың пластикалық орауыш материалдармен ойнауы қылғынып қалу қаупін туғызуы мүмкін.

Қолдану бойынша сақтық шаралары

Жоғары дыбыста ұзақ уақыт бойынша қолдану есту мүмкіндігіне қатты зақым келтіруі мүмкін.

-Ұзақ уақыт бойына 85 дБ-ден қаттырақ дыбысты тыңдасаңыз, естуге кері əсер етуіңіз мүмкін. Дыбыс қаттырақ болған сайын, есітуге көбірек зақым келуі мүмкін. Қалыпты сөйлесу 50 жəне 60 дБ арасында, ал жолдағы шу шамамен 80 дБ болатынын ескеріңіз.

Бұл құралда қауіпті жоғары кернеу бар. Өзіңіз бөлшектеуге, жөндеуге немесе өзгертуге əрекет жасамаңыз.

-Құралды жөндеу қажет болса, Samsung қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.

Сұйықтық бар кез келген ыдысты құралдың үстіне қоймаңыз (мыс., құмыра, сусын, косметика, химиялық заттар, т.б.). Құралға (ауа желдеткіштері, кіру-шығу порттары, т.б. арқылы) ешбір метал заттардың (мыс., тиындар, шаш қыстырғыштар, т.б.) немесе жанатын заттардың (мыс., қағаз, сіріңке, т.б.) кіруіне мүмкіндік бермеңіз.

-Кез келген зиянды зат немесе сұйықтық құралға кіріп кеткен болса, құралды бірден өшіріп, қуат сымын ажыратып, одан кейін Samsung қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.

Құралды түсіріп алмаңыз. Механикалық тұрғыда бұзылып қалған болса, қуат сымын ажыратып, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-Онда өрт шығу немесе ток соғу қаупі туындайды.

Құралды қуат сымы немесе сигнал кабелі арқылы ұстамаңыз не тартпаңыз.

-Зақымдалған кабель құралдың дұрыс жұмыс істемеуін, өрт қаупін жəне ток соғу қаупін туғызуы мүмкін.

Құралдың жанында жанатын заттарды қолданбаңыз немесе сақтамаңыз.

Құрал қалыпсыз дыбыс, күйген иіс немесе түтін шығарса, бірден қуат сымын ажыратып, Samsung қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.

Газ иісін сезсеңіз бірден бөлмені желдетіңіз. Құралдың қуат штепселіне тимеңіз. Құралды өшірмеңіз не қоспаңыз.

Құралды ұрмаңыз немесе бірден қатты соқпаңыз. Құралға ұшты затты тықпаңыз.

Тазалау бойынша сақтық шаралары

Құралды тазалау немесе жəндіктерге қарсы шашу үшін ешқашан спиртті, еріткіштерді, балауыздарды, жанармайды, сұйытқыштарды, ауаны тазартқыштарды немесе жағармайларды қолданбаңыз.

-Осы заттардың кез келгенін қолдану сыртқы жабынының түсін өзгертуі немесе оны шытынауын не түсіп қалуын туғызуы немесе құралдағы белгіні алып тастауы мүмкін.

Құралды тазарту үшін, қуат сымын ажыратып, одан кейін құралды таза, құрғақ, жұмсақ матамен (микроталшық, мақта) сүртіңіз.

-Құралда шаң қалдырмаңыз. Шаң оның беткейін қыруы мүмкін.

Батареяны қолдану бойынша сақтық шаралары

Құралды жоғары температураға немесе өртке шығармаңыз. Құралды сауна немесе жаз кезінде жабық көліктер сияқты ыстық не нашар желдетілетін орындарға алып бармаңыз.

-Өрт шығу немесе батареяның жарылу қаупі бар.

Құралды жоғары ылғалдыққа қалдырмаңыз.

-Ылғалдық пен сұйықтың құралдың бөліктеріне жəне электр схемаларына зақым келтіруі, құралды дұрыс жұмыс істемеу жəне өрт қаупін туғызуы мүмкін. Құралды 5° ~ 35 °C аралығындағы температурада жəне 10% ~ 75% аралығындағы қатысты ылғалдығы бар орталарда қолдануды ұсынамыз.

Батарея толығымен зарядталғаннан кейін құралды айнымалы ток адаптеріне қосулы қалдырмаңыз.

-Батарея толығымен зарядталғаннан кейін батареяға зақым келтірмеу үшін, айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз. Шамадан тыс зарядтау батареяның қызмет көрсету мерзімін азайтуы мүмкін.

Батареяның зарядтау күйін айына бір рет тексеріп тұрыңыз. Құралды ұзақ уақыт бойына қолданбасаңыз, батарея сыйымдылығын жəне қызметін қолдау үшін батареяны жиі зарядтап тұрыңыз.

-Батареяны ұзақ уақыт бойына зарядсыз қалдыру оның қызмет көрсету мерзімін айтуы, батареяның дұрыс жұмыс істемеуін немесе өрт қаупін туғызуы мүмкін.

KAZ

Казақ 7

Image 15
Contents Беспроводное портативное аудиоустройство Комплект Поставки ВАШ Беспроводное Портативное АудиоустройствоПроверка И Зарядка Батареи Сброс настроек устройства Использование Функции BluetoothИспользование Функции NFC ОпораОбеспечения Использование Функции AUXИспользование Функции Soundshare Обновление ПрограммногоПоиск И Устранение Неисправностей Другие ЗамечанияТехнические Характеристики Меры предосторожности при установке Предупреждения ДЛЯ Безопасного ИспользованияМеры Предосторожности Предупреждения относительно источников питанияМеры предосторожности при использовании устройства Меры предосторожности при очисткеПредупреждения относительно батареи Регион Контактный центр  Веб-узел Связывайтесь с Samsung по всему мируСымсыз Жылжымалы Аудио құрылғы Құрамы Батареяны Тексеру Жəне ЗарядтауСіздің Сымсыз Жылжымалы Аудио Құрылғы Өнімді қалпына келтіру Bluetooth Функциясын ПайдалануNFC Функциясын Пайдалану Тірек Soundshare Функциясын Пайдалану AUX in Функциясын ПайдалануАқаулықтарды ЖОЮ Басқа ЕскертпелерТехникалық Сипаттар Орнату сақтандырулары Қауіпсіздік ЕскертулеріҚауіпсіздік Шаралары Қуат көзі бойынша сақтық шараларҚолдану бойынша сақтық шаралары Тазалау бойынша сақтық шараларыБатареяны қолдану бойынша сақтық шаралары AreaАумақ Хабарласу орталығы  Веб-торап Samsung Компаниясымен Дүниежүзі Бойынша хабарласыңызБездротовий Портативний Аудіопристрій Продукт Бездротовий Портативний Аудіопристрій Перевірка ТА Заряджання БатареїПерезапуск продукту Використання Функції BluetoothВикористання Функції NFC ПідставкаВикористання Функції Soundshare Використання Функції AUXУсунення Несправностей ПриміткиТехнічні Характеристики Застереження щодо встановлення Попередження Стосовно Безпеки ЕксплуатаціїЗаходи Безпеки Застереження щодо джерела живленняЗастереження щодо використання Застереження щодо очищенняЗастереження щодо використання батареї AH68-02668G-03 Регіон Центр взаємодії з клієнтами  Веб-сайт