ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
ЕСКЕРТУ
ТОК СОҒУ ҚАУПІ БАР АШПАҢЫЗ
ТОК СОҒУ ҚАУПІН АЗАЙТУ ҮШІН, ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ПАНЕЛІН) АШПАҢЫЗ. ІШІНДЕ ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙТІН БӨЛШЕКТЕР ЖОҚ. БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ МАМАНҒА ЖӨНДЕТІҢІЗ.
Бұл белгі өнімде ток соғу немесе жарақат алу қаупін тудыратын «жоғары кернеудің» барын білдіреді.
Бұл белгі өнім құжаттарында маңызды нұсқаулардың барын білдіреді.
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сəйкес қолданылады жəне осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын жəне жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық код жəне/ немесе əріп белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ : Өрт немесе электр тоғы соғуын болдырмау үшін, құрылғыны жаңбырда қалдырмаңыз немесе ішіне ылғалдың кіруіне жол бермеңіз.
ЕСКЕРТУ : ЭЛЕКТР ТОГЫ СОҒУЫН БОЛДЫРМАУ ҮШІН, КЕҢ ШТЕПСЕЛЬДІ ҰШТЫ КЕҢ ҰЯҒА КЕЛТІРІП, ТОЛЫҚ ЕНГІЗІҢІЗ.
•Бұл өнім əрқашан жерге қосылған ауыспалы ток розеткасына қосылуы тиіс.
•Аппаратты ток көзінен ажырату үшін штепсельдік ұшты розеткадан суырып алу керек,
сондықтан розетка ыңғайлы жерде орналасуы тиіс.
ЕСКЕРТУ
•Бұл құрылғыға еш нəрсе тамбауы немесе шашырамауы тиіс. Өнімге ваза сияқты сұйықтық құйылған бұйымдарды қоймаңыз.
•Құрылғыны толығымен өшіру үшін қуат ашасын розеткадан суыру керек. Сондықтан, қуат ашасына əрқашан қол жеткізу оңай болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қуат көзі бойынша сақтық шаралар
•Розеткаларды немесе ұзартқыш сымдарды шамадан тыс жүктемеңіз.
-Бұл апаттық қызу немесе өрт тудыруы мүмкін.
•Су қолдарыңызбен қуат сымын қоспаңыз немесе ажыратпаңыз.
•Құралды қыздыру жабдығының жанына қоймаңыз.
•Қуат ашасының жүздерін тазалау үшін, штепсельді қабырғадағы розеткадан ажыратып, жүздерін құрғақ матамен ғана сүртіңіз.
•Қуат сымын күшпен тартпаңыз немесе тықпаңыз.
•Айнымалы ток қуаты адаптерінің үстіне ауыр заттар қоймаңыз.
•Зақымдалған болса, айнымалы ток адаптерін қолданбаңыз. Айнымалы ток адаптерін оның қуат сымынан тарту арқылы ажыратпаңыз.
•Қуат сымын осал немесе зақымдалған розеткаға қоспаңыз.
•Оның штепселі толығымен розеткаға жалғанатындай, айнымалы ток адаптерінің штепселін қабырға розеткасына толығымен кірістіріңіз.
-Қосылым тұрақты болмаса, өрт қаупі болады.
Орнату сақтандырулары
•Қызу бөлетін немесе өрт шығаратын жабдықтың немесе нысандардың (шырақтар, масаға қарсы спиралдар, жылытқыштар, радиаторлар, т.б.) жанына құралды орнатпаңыз. Күн сəулесі тікелей түсетін жерде орнатпаңыз.
•Құралды жылжытқан кезде, қуатты өшіріңіз жəне барлық сымдарды (қуат сымын қосқанда) құралдан ажыратыңыз.
-Зақымдалған сым өрт жəне ток соғу қаупін туғызуы мүмкін.
•Жоғары ыстық немесе ылғалдық, шаң немесе қатты салқын ортада құралды орнатпаңыз, бұл сапа ақаулықтарына əкелуі немесе құралдың дұрыс жұмыс істемеуін туғызуы мүмкін. Қалыпты жағдайдан тыс ортада құралды орнатпас бұрын, қосымша ақпарат алу мақсатында Samsung компаниясының қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Сөреге, шкафқа немесе үстелге орнатқан кезде құралды тігінен қойыңыз. Құралды тұрақсыз бетке қоймаңыз (мыс., орнықсыз сөре, қисайған үстел, т.б.).
-Құралды түсіріп алу оның дұрыс жұмыс істемеуін немесе зақым қаупін туғызуы мүмкін. Қатты діріл немесе соққы да құралдың дұрыс жұмыс істемеуіне жəне өрт қаупіне əкелуі мүмкін.
•Құралды айналасында желдетуге жеткілікті орын қалатындай орнатыңыз.
-Құралдың артында кемінде 10 см жəне құралдың əрбір қапталында 5