06USB Жетегін Қосу
Soundbar құрылғысынан сақтау құрылғыларындағы әуендік файлдарды ойнатуға болады.
USB порты | Дисплей |
USB
5V 0.5A
1.USB құрылғысын өнімнің USB портына жалғаңыз.
2.Үстіңгі панельдегі немесе қашықтан басқару пультіндегі (Бастапқы көз) түймесін басыңыз, содан кейін “USB” таңдаңыз.
3.Дисплей экранында “USB” пайда болады.
4.Soundbar құрылғысы арқылы сақтау құрылғысынан әуендік файлдарды ойнатыңыз.
•• 5 минуттан ұзақ уақыт бойы ешқандай USB құрылғысы қосылмаса, Soundbar құрылғысы автоматты түрде өшеді (автоматты түрде қуаттың өшуі).
Бағдарламалық Жасақтаманы Орнату
Samsung компаниясы болашақта Soundbar жүйесі микробағдарламасына арналған жаңартуларды ұсынуы мүмкін.
Жаңарту ұсынылса, микробағдарлама жаңартымы бар USB құрылғысын Soundbar құрылғысындағы USB портына жалғап, микробағдарламаны жаңартуға болады. Жаңарту файлдарын жүктеу жолы туралы қосымша ақпарат алу үшін, Samsung Electronics компаниясының
Содан кейін, Soundbar құрылғыңыздың үлгісін жазыңыз не таңдаңыз, бағдарламалық жасақтамалар және қолданбаларды, одан соң жүктемелерді таңдаңыз. Опция аты әртүрлі болуы мүмкін.
KAZ - 13