Алғаш іске қосар алдында

KKЕң алғаш рет тазалау

Пештің керамика бетін, дымқыл шүберек пен керамика пісіру беттерін тазалағыш құралмен сүртіңіз..

Маңызды: Жеміргіш немесе түрпілі тазалағыш заттарды қолданбаңыз.. Пештің бетіне нұқсан келуі мүмкін..

Пештің үстін қолдану

Жарамды ыдыс-аяқ

Ыдыс жақсы болса, пісіру нәтижесі де жақсы болады..

Жақсы ыдысты табанына қарап ажыратуға болады.. Ыдыстың табаны барынша қалың, әрі барынша тегіс болуы керек..

Жаңа ыдыс сатып аларда, олардың табанының диаметріне ерекше назар аударыңыз.. Әдетте өндіруші тек ыдыстың ернеуінің диаметрін ғана көрсетеді..

Алюминий немесе мыс табаны бар ыдыстар, пештің керамика бетіне металл дағын қалдырады.. Бұндай дақты кетіру өте қиын болуы немесе мүлдем кетіре алмауыңыз мүмкін..

Құйылған шойыннан жасалған немесе табанына нұқсан келген, жиегі кедір-бұдыр ыдысты қолданбаңыз.. Бұндай ыдыстарды пеш үстіне қойып сырғытса, оған кетпейтін сызат түсуі мүмкін..

Әдетте, суық ыдыстардың табаны сәл ішке кіріп (ойыс) тұруы мүмкін.. Оларды ешқашан сыртқа (дөңес) шығармау керек..

Егер арнайы ыдыс түрін қолданғыңыз келсе, мысалы бу кәстрөлін, баяу қайнататын ыдысты немесе түбі шығыңқы қазанды қолдансаңыз, өндіруші нұсқауларын орындаңыз..

Қуатты үнемдеу туралы кеңес

Төмендегі нұсқауларды орындау арқылы қуатты үнемдей аласыз..

Дұрыс!

Теріс!

14

C61R2AEE_BWT_DG68-00309A-09_RU+UK+KK.indb 14

 

 

2017-01-31 ￿￿ 6:32:31