Бөлшектері мен функциялары (жалғасы)
KKҚұрылғының негізгі функциялары
•Керамика пісіру алаңдары: Құрылғының керамика пісіру беті және төрт жылдам пісіру алаңдары бар.. Құрылғының қызуды күшті шығаратын қыздырғыш элементтері, пісіру алаңдарын қыздыруға кететін уақытты әжептәуір азайтады..
•Сенсорлық түймешіктер: Құрылғыңыз сенсорлық түймешіктердің көмегімен басқарылады..
•Оңай тазалау: Керамика пісіру алаңы мен басқару түймешіктерінің бір артықшылығы, оларға оңай қол жеткізіп тазалауға болатындығында.. Майда, біртегіс бетті тазалау оңай..
•On/Off (Қосу/Сөндіру) түймешігі: “On/Off” (Қосу/Сөндіру) түймешігі, құрылғыны желіден ағытудың қосымша құралы болып табылады.. Осы түймешікті басқан кезде, қуат мүлдем ажырайды немесе толық қосылады..
•Басқару және функция индикаторлары: Сандық бейнебеттер мен индикаторлар, параметрлер және іске қосылған функциялар туралы ақпарат береді,
•Автоматты сөндіру: Автоматты сөндіру функциясы, егер белгілі бір уақыт өткеннен кейін параметрлерге өзгеріс енгізілмесе, пісіру алаңдарының барлығын автоматты түрде сөндіру қызметін атқарады..
•Қалдық қызу индикаторы: Пісіру алаңы адам күйіп қаларлықтай ыстық болса, бейнебетте қалдық қызу индикаторы көрсетіледі..
•Қос шығырықты пісіру алаңы: Пісіру алаңы екі шығырықтан тұрады.. Бұл құрылғыны өлшемдері әр түрлі пісіру алаңдарымен қамтамасыз етеді; мысалы кішкене ыдыс үшін кіші шығырық қолданылады.. Бұл қуатты үнемдеуге көмектеседі..
•Көп мүмкіндікті пісіру алаңы: Пештің үсті көп мақсатқа арналған / кәстрөлге арналған пісіру алаңымен жабдықталған.. Параметрдің орнатылуына қарай бұны дөңгелек немесе сопақ пісіру алаңы ретінде қолдануға болады, мысалы сопақ кәстрөлге пісіру немесе тағамды жылы ұстау үшін қолдануға болады..
Сандық бейнебеттер: Төрт пісіру алаңының төрт бейнебеті бар.. Бейнебетте төмендегі ақпарат көрсетіледі:
- құрылғы қосулы,
- таңдалған қызу параметрлері үшін,
- қалдық қызу,
- бала қауіпсіздігінің құралы қосулы; және
- қате туралы хабар, түймешік 10 секундтан көп уақыт басылған..
- қате туралы хабар, теріс іске қосуға байланысты пеш үстінің қызып кетуі..
12