Кепілдік және қызмет көрсету (жалғасы)

Оттық неліктен қып-қызыл болып жанбайды?

KK

 

Пісіру алаңы үшін таңдалған температураны, қосылып-сөніп отыратын сенсорлық құрал бірқалыпты ұстап тұрады, сондықтан да пісіру алаңы ылғи қып-қызыл болмайды.. Егер қызу параметрінің төмен мәнін таңдасаңыз, жоғары параметрге қарағанда, қызу жиірек қосылып-сөніп тұрады.. Жоғары параметрде де қызу қосылып-сөніп тұрады..

Құрылғының жұмысына қатысты ақаулық туып, қызмет көрсету орталығына хабарлассаңыз, кепілдік мерзімі аяқталмаса да техниктің келуіне төлемақы алыну мүмкін..

Қызмет көрсету

Көмек алу немесе қызмет көрсету орталығына хабарласар алдынды “Ақаулықты түзету” тарауын қараңыз..

Егер әлі де көмек қажет болса, төмендегі нұсқауларды орындаңыз..

Бұл техникалық ақау ма?

Егер солай болса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз..

Әрқашан хабарласу алдында алдын ала дайындалыңыз.. Бұл ақаулық себебін анықтауды жеңілдетеді, сондай-ақ қызмет көрсету орталығының технигін жіберу немесе жібермеу туралы шешім қабылдауға көмектеседі..

Төмендегі деректі жазып алыңыз..

Мәселе қалай орын алады?

Мәселе қандай жағдайларда орын алады?

Телефон шалған кезде, құрылғының үлгі нөмірін және сериялық нөмірін білуіңіз керек.. Бұл дерек техникалық ақпарат тақтайшасында төмендегідей көрсетіледі:

Үлгі сипаттамасы

S / N коды (15 орынды сан)

Біз бұл деректер әрқашан дайын тұруы үшін, осы жерге жазып қоюды ұсынамыз.. Үлгі:

Сериялық нөмірі:

Қандай жағдайларда, тіптен құрылғының кепілдік мерзімі аяқталмаса да сіз төлемақы төлеуіңіз қажет?

Егер ақаулықты “Ақаулықты түзету” тарауында берілген кеңестердің бірін қолданып өзіңіз жөндесеңіз..

Егер қызмет көрсету орталығының технигі, сіз техник келерден бұрын берген ақпарат жеткіліксіз болғандықтан бірнеше рет қоңырау шалса, нәтижесінде бөлшектерді әкелу үшін бірнеше рет жол жүрсе.. Телефон шалар алдында жоғарыда көрсетілгендей дайындалсаңыз, бұндай жолақы төлемін төлемейсіз..

27

C61RCCNR_BWT_DG68-00310A-08_KK.indd 27

2014-07-15 ￿￿ 3:59:28

Page 91
Image 91
Samsung C61RCCNR/BWT manual Кепілдік және қызмет көрсету жалғасы, Қызмет көрсету, Бұл техникалық ақау ма?