ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Керамика пісіру алаңы: Құрылғының керамика пісіру беті және төрт жылдам пісіру алаңдары бар. Пеш үстінің қызуды күшті шығаратын қыздырғыш элементтері, пісіру алаңдарын қыздыруға кететін уақытты әжептәуір азайтады.

Сенсорлық түймешіктер: Құрылғыңыз сенсорлық түймешіктердің көмегімен басқарылады.

Оңай тазалау: Керамика пісіру алаңы мен басқару түймешіктерінің бір артықшылығы, оларға оңай қол жеткізіп тазалауға болатындығында. Майда, біртегіс бетті тазалау оңай.

On/Off түймешігі: “On/Off” сенсор түймешігі, құрылғыны желіден ағытудың қосымша құралы болып табылады. Осы түймешікті басқан кезде, қуат мүлдем ажырайды немесе толық қосылады.

Басқару және функция индикаторлары: Сандық бейнебеттер мен индикаторлар, параметрлер және іске қосылған функциялар туралы ақпарат береді, сондай-ақ әр түрлі пісіру алаңында қалдық қызу бар-жоғын көрсетеді.

Автоматты сөндіру: Автоматты сөндіру функциясы, егер белгілі бір уақыт өткеннен кейін параметрлерге өзгеріс енгізілмесе, пісіру алаңдарының барлығын автоматты түрде сөндіру қызметін атқарады.

Қалдық қызу индикаторы: Пісіру алаңы адам күйіп қаларлықтай ыстық болса, бейнебетте қалдық қызу индикаторы көрсетіледі.

Қос шығырықты пісіру алаңы:Пісіру алаңы екі шығырықты пісіру алаңынан тұрады. Бұл құрылғыны өлшемдері әр түрлі пісіру алаңдарымен қамтамасыз етеді; мысалы кішкене ыдыс үшін кіші шығырық қолданылады. Бұл қуатты үнемдеуге көмектеседі.

Көп мүмкіндікті пісіру алаңы: Пештің үсті көп мақсатқа арналған / кәстрөлге арналған пісіру алаңымен жабдықталған. Параметрдің орнатылуына қарай бұны дөңгелек немесе сопақ пісіру алаңы ретінде қолдануға болады, мысалы сопақ кәстрөлге пісіру немесе тағамды жылы ұстау үшін қолдануға болады.

Сандық бейнебеттер: Төрт пісіру алаңының төрт бейнебеті бар. Бейнебетте төмендегі ақпарат көрсетіледі:

- құрылғы қосулы,

- таңдалған қызу параметрлері үшін,

- қалдық қызу,

- бала қауіпсіздігінің құралы қосулы.

- қате туралы хабар, түймешік 10 секундтан көп уақыт басылған.

- теріс іске қосуға байланысты пештің үсті қызып кетсе қате туралы хабар көрсетіледі.

бөлшектері мен функциялары

бөлшектері мен функциялары _19

CTR164N026_BWT_00247B-03_KK.indd 19

7/11/2555 15:57:09

Page 91
Image 91
Samsung CTR164N026/BWT manual Құрылғының Негізгі Функциялары, Бөлшектері мен функциялары