Басқару панельдерін әрқашан таза, әрі құрғақ ұстаңыз.

Пештің үстіне ешқашан тұтанғыш зат қоймаңыз. Өрт шығуы мүмкін.

Пештің үстін алюминий фольганы, алюминий фольгаға оралған тағамды немесе алюминий ыдысқа салынған мұздатылған тағамды ысыту үшін қолданбаңыз.

Құрылғыны байқап қолданбасаңыз, күйіп қалуыңыз мүмкін.

Электр құрылғыларының сымдарын, пештің қызып тұрған үстіне немесе ыстық ыдыстарға тигізбеу керек.

Пештің үстін киім кептіру үшін қолданбаңыз.

Аэрозоль және жуғыш зат тәрізді заттарды, пештің астындағы суырма немесе шкафтарға салып сақтауға болмайды.

ЕСКЕРТУ : Кардиостимуляторы және жүрек имплантанттары бар адамдар, индукциялық пісіру алаңдары іске қосылып тұрған кезде, денесінің жоғарғы бөлігін кем дегенде 30см жоғары ұстау керек. Егер күмәндансаңыз, құрылғыны өндірушіге немесе өз дәрігеріңізге хабарласыңыз.

ЕСКЕРТУ ТАЗАЛАУ БАРЫСЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тазалардың алдында құрылғыны әрқашан сөндіріңіз.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында құрылғыны ешқашан бу құрылғысымен немесе жоғары қысым құрылғысымен тазаламаңыз.

Пештің үстін осы нұсқаулықта көрсетілген тазалау және күтім көрсету нұсқауларына сай тазалаңыз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

Бұл құрылғыны міндетті түрде өндіруші дайындықтан өткізген, пештің үстіне күтім көрсетуге мамандаған техник ғана орнатуға тиіс. “Пештің үстін орнату” тарауын қараңыз.

Қорек сымын дәл сай келетін немесе қуаты жоғары розеткаға жалғаңыз және розетканы тек осы құрылғы үшін қолданыңыз. Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз. Сондай-ақ, ұзартқыш сымды қолдануға болмайды.

-Бұл нұсқауды орындамай, розеткаға ұзартқышты немесе көп-салалы қосқышты пайдаланып басқа құрылғыларды да қоссаңыз, электр қатері орын алып немесе өрт шығуы мүмкін.

-Электрлі трансформаторды қолданбаңыз. Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Бұл құрылғыны білікті техник немесе қызмет көрсету орталығы орнатуға тиіс.

-Бұл нұсқау орындалмаған жағдайда, электр қатері орын алуы, өрт, жарылыс шығуы,

өнімге нұқсан келуі немесе адам жарақат алуы мүмкін.

Орнатып болғаннан кейін құрылғыны электр желісінен ағыту мүмкін болуға тиіс. Құрылғыны желіден ағыту үшін оның ашасы қол жететін жерде тұруға тиіс немесе сымға қолданыстағы ережеге сай айырып-қосқыш орнатылуға тиіс. (Кіріктірілген үлгілерге ғана қатысты.)

Казақ - 6

CTR264KC01_BWT_DG68-00383A-06_RU+UK+KK.indb 6

2017-03-03 ￿￿ 4:13:23

Page 70
Image 70
Samsung CTR264KC01/BWT, CTR264KB01/BWT manual Ескерту Тазалау Барысындағы Сақтық Шаралары