ҚҰРАЛАС БӨЛШЕКТЕРІ

Пештің керамика үсті

Орнату қапсырмалары

Бұрандалар

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Керамика пісіру алаңы: Құрылғының керамика пісіру беті және төрт жылдам пісіру алаңдары бар. Пеш үстінің қызуды күшті шығаратын қыздырғыш элементтері, пісіру алаңдарын қыздыруға кететін уақытты әжептәуір азайтады.

Сенсорлық түймешіктер: Құрылғыңыз сенсорлық түймешіктердің көмегімен басқарылады.

Оңай тазалау: Керамика пісіру алаңы мен басқару түймешіктерінің бір артықшылығы, оларға оңай қол жеткізіп тазалауға болатындығында. Майда, біртегіс бетті тазалау оңай.

On/Off түймешігі: “On/Off” (Қосу/Сөндіру) түймешігі, құрылғыны желіден ағытудың қосымша құралы болып табылады. Осы түймешікті басқан кезде, қуат мүлдем ажырайды немесе толық қосылады.

Басқару және функция индикаторлары: Сандық бейнебеттер мен индикаторлар, параметрлер және іске қосылған функциялар туралы ақпарат береді, сондай-ақ әр түрлі пісіру алаңында қалдық қызу бар-жоғын көрсетеді.

Автоматты сөндіру: Автоматты сөндіру функциясы, егер белгілі бір уақыт өткеннен кейін параметрлерге өзгеріс енгізілмесе, пісіру алаңдарының барлығын автоматты түрде сөндіру қызметін атқарады.

Қалдық қызу индикаторы: Пісіру алаңы адам күйіп қаларлықтай ыстық болса, бейнебетте қалдық қызу индикаторы көрсетіледі.

Сандық бейнебеттер: Төрт пісіру алаңының төрт бейнебеті бар. Бейнебетте төмендегі ақпарат көрсетіледі:

- құрылғы қосулы,

- таңдалған қызу параметрлері үшін,

- қалдық қызу,

- бала қауіпсіздігінің құралы қосулы

- қате туралы хабар, түймешік 60 секундтан көп уақыт басылған.

- теріс іске қосуға байланысты пештің үсті қызып кетсе қате туралы хабар көрсетіледі. (мысалы : бос ыдыс қойылса)

Жылы ұстау : Пісірілген тағамды жылы ұстау үшін осы функцияны қолданыңыз. (Бейнебетте ‘ ’ көрсетіледі.)

Автоматты қыздыру : Ең жоғары қызумен автоматты түрде қыздыру үшін осы функцияны қолданыңыз. (Бейнебетте " " көрсетіледі.)

Аяқталған кезде пісіру алаңы автоматты түрде ең төмен қуат деңгейіне қойылады.

Автоматты қыздыру функциясын суды қыздыру үшін ғана қолданыңыз. Пештің үстін ЕСКЕРТУ қолданып тұрған кезде ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Себебі өрт шығуы мүмкін.

Казақ - 19

05 БӨЛШЕКТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

CTR264KC01_BWT_DG68-00383A-06_RU+UK+KK.indb 19

2017-03-03 ￿￿ 4:13:25

Page 83
Image 83
Samsung CTR264KB01/BWT, CTR264KC01/BWT manual Құралас Бөлшектері, Құрылғының Негізгі Функциялары