Құрылғыны тегіс беттерде ғана сақтаңыз

Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны қоршаған орта температурасы 0 °C және

35 °C аралығындағы орындарда пайдалануға болады. Құрылғыны -20 °C және 50 °C аралығындағы қоршаған орта температурасында сақтауға болады. Құрылғыны кеңес етілген температура ауқымдарынан тыс пайдалану немесе сақтау құрылғыны зақымдауы немесе батареяның жарамдылық мерзімін азайтуы мүмкін

Құрылғыны жазғы уақытта көлік ішінде сияқты өте ыстық аймақтарда сақтамаңыз. Бұлай істеу экранның дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп, құрылғыны зақымдауы мүмкін немесе батарея жарылуы мүмкін.

Құрылғыңызды тікелей күн көзі түсетін жерге (мысалы, көлік басқару панелінде) ұзақ уақыт қалдырмаңыз.

Батареяны қоршаған орта температурасы 0 °C және 45 °C аралығындағы орындарда бөлек сақтауға болады.

Құрылғыны тиындар, кілттер және алқа сияқты металл заттармен бірге сақтамаңыз

Құрылғы корпусы сызылуы немесе оның дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Батарея ұштары металл затқа тисе, өрт шығуы мүмкін.

Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында сақтамаңыз

Құрылғыңыз істемей қалуы мүмкін немесе батарея магнитті өрістерден зарядсыздануы мүмкін.

Магнитті жолақты карталар, оның ішінде несие карталары, телефон карталары, банк есепайырысу кітапшасы және қону талоны магнитті өрістер әсерінен зақымдалуы мүмкін.

Теріңізге шамадан тыс қызып кеткен құрылғы ұзақ уақыт бойы әсер етсе, қызыл дақтар немесе пигменттер сияқты төменгі температура күйігі белгілері пайда болады

Қазақ тілі

Page 283
Image 283
Samsung EE-P5000BBRGRU manual Құрылғыны тегіс беттерде ғана сақтаңыз, Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында сақтамаңыз