Samsung EE-P5000BBEGWW, EE-P5000BBRGRU manual Құрылғыны артқы қақпағы алынған күйде пайдаланбаңыз

Models: EE-P5000BBRGRU EE-P5000BBEGWW

1 511
Download 511 pages 63.9 Kb
Page 284
Image 284

Құрылғыны артқы қақпағы алынған күйде пайдаланбаңыз

Батарея құрылғыдан түсіп кетіп, зақымдауға немесе дұрыс жұмыс істемеуге әкелуі мүмкін.

Егер құрылғыңызда камера немесе шам болса, оны адамдардың немесе жануарлардың көздеріне жақын пайдаланбаңыз

Жарқылды көзге жақын пайдаланудан уақытша көрмей қалуы немесе көздеріне зиян келуі мүмкін.

Жарқыраған жарыққа шыққанда сақтық шараларын пайдалану

Құрылғыңыз пайдаланылғанда, бөлмеде біраз жарық қалдырыңыз және экранды көзіңізге қатты жақын ұстамаңыз.

Бейнелерді көріп отырғанда немесе жарыққа негізделген ойындарды ұзақ уақыт ойнағанда жарқыраған жарыққа шықсаңыз, тұрып қалуы немесе бұлыңғырлануы мүмкін. Егер қолайсыздықты сезінсеңіз, құрылғыны пайдалануды бірден тоқтатыңыз.

Егер сізге байланысты біреуде ұқсас құрылғыны пайдаланғанда ұстамалар немесе есеңгіреулер болған болса, құрылғыны пайдалану алдында дәрігерден кеңес алыңыз.

Егер бұлшықет спазмасы сияқты ыңғайсыздықты сезінсеңіз немесе бағыттан адассаңыз, құрылғыны пайдалануды бірден тоқтатыңыз және дәрігерге хабарласыңыз.

Көз ауырмауы үшін құрылғыны пайдаланғанда жиі үзілістер жасаңыз.

Қайталама әрекеттерден шығатын жарақаттардың тәуекелін азайту

Пернелерді басу немесе ойындар ойнау сияқты әрекеттерді қайталап орындағанда қолдарыңызда, мойныңызда, иықтарыңызда немесе денеңіздің басқа бөліктерінде ыңғайсыздықты сезінуіңіз мүмкін. Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланғанда, құрылғыны бос ұстап, пернелерді ақырын басыңыз, сосын жиі үзіліс жасаңыз. Мұндай қолданыс барысында немесе одан кейін қолайсыздық жалғасса, құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден кеңес алыңыз.

Қазақ тілі

Page 284
Image 284
Samsung EE-P5000BBEGWW, EE-P5000BBRGRU manual Құрылғыны артқы қақпағы алынған күйде пайдаланбаңыз