Мультимедианы Ойнату

Blu-ray өнімі дискіні және USB мазмұнын және компьютерде, DLNA үйлесімді ұялы телефонда немесе NAS құрылғысында орналасқан мазмұнды AllShare Play функциясының көмегімен ойната алады. AllShare Play функциясы туралы қосымша ақпаратты 39-беттен қараңыз.

AllShare Play экраны

AllShare Play экранына кіру үшін, негізгі экрандағы AllShare Play белгішесін таңдап, E түймесін басыңыз.

AllShare Play экранын пайдалану

AllShare Play / Тізімім /

Соңғы ойнату

Тізімім

Соңғы ойнатылған файлдар осы жерде көрсетіледі.

Бейнелер

Соңғы жаңартылғ. 09.Қаң.2012

Жаңалықтар

Фотосурет-р

 

Тағы қарау

SAM_0001 SAM_0002 SAM_0003 SAM_0004 SAM_0005

 

Ән. тізімі

Ойнату тізімдері жасалған жоқ.

Музыка

Мазмұнды жылдам әрі оңай пайдалану үшін, ойнату тізімін жасаңыз.

a Кіру ' Қайту

AllShare Play экраны пайда болғанда, ол Менің тізімім тізімін және сол жақта – Бейнелер, Фотосуреттер және Музыка – мазмұн түрлерінің тізімін көрсетеді. Он жақта, әдепкі бойынша Менің тізімім көрсетіледі: соңғы ойналған немесе қаралған элементтер тізімі, қараған немесе тыңдаған ең жаңа элементтеріңіздің тізімі және ең соңғы ойнату тізімі. Егер ешқашан ешқандай элементті ойнатпасаңыз немесе қарамасаңыз, не болмаса ойнату тізімін жасамасаңыз, бұл аймақ бос болады.

ЕСКЕРТПЕ

Blu-ray/DVD/CD дискісінің мазмұны Тізімім ішінде болмайды.

Менің тізімім элементтерін ойнату

Көрсетілген Менің тізімім элементтерін ойнату үшін, сізде элементтердің өнімге қосылған немесе енгізілген көз болуы керек. Мысалы, соңғы ойнатылған Менің тізімім фотосуреттері DVD дискісінен алынған болса, оларды көру үшін сол дискі өнімде болуы тиіс.

Менің тізімім элементтерін ойнату немесе қарау үшін, төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

36 Қазақша

Қарау немесе ойнату керек элементті таңдау үшін, ◄► түймелерін, одан кейін E түймесін басыңыз. Басқа элементті қарау немесе ойнату үшін, RETURN (') түймесін басып, бірінші сөйлемде сипатталған процесті қайталаңыз.

Элементті таңдау үшін, ◄► түймелерін басыңыз, Құралдар мәзірін көрсету үшін TOOLS түймесін басып, Ойнату параметрін таңдаңыз, одан кейін E түймесін басыңыз. Басқа элементті қарау немесе ойнату үшін, RETURN (') түймесін басып, бірінші сөйлемде сипатталған процесті қайталаңыз.

Бейнені, фотосуретті немесе музыка

мазмұнын ойнату

1 . Ойнату немесе қарау қажет мазмұнның көзі өнімге қосылғанын немесе енгізілгенін тексеріңіз.

2 . Бейнелер, Фотосурет-р немесе Музыка,

тармағын таңдау үшін, ▲▼ түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз. Оң жақтағы бірінші көз таңдауы бөлектеледі.

3 . Мазмұн көзін таңдау үшін, ▲▼ түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Әрбір мазмұн түріне көрсетілетін көздер әртүрлі болуы мүмкін.

4 . Бейнелердің, фотосуреттердің немесе музыканың ойнатылуын басқару үшін, келесі бөлімдерді қараңыз:

41-беттегі «Бейнені ойнатуды басқару».

43-беттегі «Музыканы ойнатуды басқару».

45~47 беттердегі «Фотосурет мазмұнын ойнату» және «Құралдар мәзірін пайдалану».

ЕСКЕРТПЕ

Мазмұн көзін өнімге және мазмұн түріне тіркеу жолына және уақытына байланысты, өнім ойнатуды бастау үшін экрандардың түрлі қатарын көрсетуі мүмкін. Баламалы ойнату әдістері үшін келесі бөлімдерді қараңыз:

37-беттегі «USB сақтау құрылғысындағы файлдарды ойнату».

38-беттегі «Коммерциялық бейне дискілерді ойнату».

38-беттегі «Коммерциялық дыбыс дискілерді ойнату».

39-беттегі «Пайдаланушы жазған мазмұны бар дискіні ойнату».

HT-E4500K_RU_KAZ_0316.indd 36

2012-03-16 오후 6:43:21

Page 99
Image 99
Samsung HT-E4550K/RU manual Мультимедианы Ойнату, AllShare Play экранын пайдалану, 36 Қазақша