Дискіні сақтау және басқару

• Дискілерді ұстау - Дискідегі саусақ іздері

немесе сызаттар дыбыстың және суреттің сапасын төмендетуі немесе кейбір үзінділердің еленбеуін тудыруы мүмкін.

-Деректер жазылған диск бетін ұстамауға тырысыңыз.

-Саусақ іздері бетке түспейтіндей дискіні шеттерінен ұстау керек.

-Дискіге қағаз немесе таспа жапсырмаңыз.

Дискілерді тазалау

-Дискіде саусақ іздері

немесе кір болса, оны сумен араластырылған жұмсақ жуу затымен тазалаңыз, сөйтіп жұмсақ матамен сүртіңіз.

-Тазалағанда дискінің ішінен сыртына қарай жайлап сүртіңіз.

-Дискіні сақтау

Тікелей күн сәулесінде сақтамаңыз.

Оны салқын желдетілген аймақта сақтаңыз.

Таза қорғау қаптамаға салып, тік күйде сақтаңыз.

Қолдануға қатысты ескертулер

Бұл құрылғыға еш нәрсе тамбауы немесе шашырамауы тиіс. Құрылғы үстіне құмыра сияқты сұйықтық құйылған заттарды қоймаңыз.

Құрылғыны толығымен өшіру үшін қуат ашасын розеткадан суыру қажет. Сондықтан, қуат ашасына әрқашан қол жеткізу оңай болуы тиіс.

Қуат ашасын ылғал қолмен ұстамаңыз. Электр тогы соғуы мүмкін.

Бірнеше электрлік құрылғыларды бір розеткаға қоспаңыз. Розеткаға шамадан тыс жүктеме түскенде ол қызып кетіп, өрт шығуы мүмкін.

Бөлімге техникалық қызмет көрсету

-Бұл өнімге басқа құрамдас бөліктерді жалғамас бұрын олардың өшірілгенін тексеріңіз.

-Өнім кенеттен суық жерден жылы жерге апарылған жағдайда, жұмыс бөлшектері мен линзаға ылғал жиналып, дискінің қате ойнатылуына себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, өнімді розеткадан ажыратып, екі сағат күтіңіз де, қуат ашасын розеткаға қосыңыз. Одан кейін, дискіні салып, қайта ойнатып көріңіз.

Егер өнім қалыптан тыс шу, күйік иісі немесе түтін шығарса, дереу қуат қосқышын өшіріп, қуат ашасын розеткадан ажыратыңыз.

Содан кейін, ең жақын орналасқан тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына барып, техникалық көмек сұраңыз. Өнімді пайдаланбаңыз. Өнімді бұл жағдайда пайдалану нәтижесінде өрт шығуы немесе тоқ соғуы мүмкін.

Құрылғыны толығымен өшіру үшін қуат ашасын розеткадан суыру қажет. Сондықтан, қуат ашасына әрқашан қол жеткізу оңай болуы тиіс.

3D функциясын пайдалану

3D БЕЙНЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ.

3D функциясын пайдаланбас бұрын, төмендегі қауіпсіздік ақпаратын оқып, түсініп алыңыз.

3D бейнесін тамашалау барысында, кейбір көрермендер бас айналу, лоқсу және бас ауыру сияқты ыңғайсыздықтарды сезіну мүмкін. Осындай симптомдардың кез келгені пайда болса, 3D бейнесін көруді тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.

3D бейнелерін ұзақ көру көзді ауыртуы мүмкін. Көз ауырса, 3D бейнесін көруді тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.

3D функциясын пайдаланып отырған балаларды жауапты ересек адам жиі тексеріп отыруы тиіс. Көздердің талғаны, бас ауруы, бас айналуы немесе лоқсу жағдайлары байқалса, балалардың 3D бейнесін көруін тоқтатып, оларды демалдырыңыз.

3D көзілдірігін басқа мақсаттарда (мысалы, әдеттегі көзілдірік, күнге қарсы көзілдірік, қорғайтын арнайы көзілдірік, т.б.)

пайдаланбаңыз

Қазақша 3

01 Қауіпсіздік Ақпараты

HT-E4500K_RU_KAZ_0316.indd 3

2012-03-16 오후 6:41:54

Page 66
Image 66
Samsung HT-E4550K/RU Дискіні сақтау және басқару, Қолдануға қатысты ескертулер, 3D функциясын пайдалану, Пайдаланбаңыз