Параметрлер

4 . Құрылғыны таңдап, E түймесін басыңыз. AllShare параметрлері қалқымалы терезесі пайда болады.

5 . Рұқсат ету, Бас т-у немесе Жою тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

AllShare параметрлерінің экраны AllShare құрылғыларымен орнатылған желілік қосылымдар бар болса ғана көрсетіледі. AllShare желілік құрылғылары туралы қосымша ақпаратты 36~37-беттен қараңыз.

Бағдарламалық құралды жаңарту

Бағдарламалық құралды жаңарту мәзірі жұмысты жақсарту және қосымша қызметтер алу мақсатында бағдарламалық құралды жаңартуға мүмкіндік береді.

Жаңарту барысында өнімді қолмен өшіруші немесе қосушы болмаңыз.

1 . Басты экранда Параметрлер тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

2 . Қолдау тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3 . Бағдарламалық құралды жаңарту тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

4 . Келесі әдістердің біреуін таңдаңыз:

Онлайн

USB б-ша

Диск арқ.

Жүкт-ні бойынша

Күту режимінде жүктеу

5 . E түймесін басыңыз.

Әрбір әдістер үшін нұсқаулар төменде басталады.

ЕСКЕРТПЕ Жаңарту процесі өнім өздігінен өшіп, қайта қосылғанда аяқталады.

Samsung Electronics корпорациясы бағдарламалық құралдың жаңартылуы барысындағы тұрақсыз Интернет қосылымы немесе пайдаланушы немқұрайдылығы нәтижесінде орын алған өнім ақаулары үшін жауап бермейді. Егер жаңа бағдарламалық құралды қотару барысында жаңартудан бас тарту керек болса, E түймесін басыңыз.

34 Қазақша

Онлайн

Желіде функциясын пайдалану үшін, өнім Интернетке қосылған болу керек.

1 . Онлайн тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Серверге қосылуда хабары пайда болады.

2 . Қотарылатын файлдар бар болса, орындалу көрсеткіші бар Қотару қалқымалы терезесі ашылып, қотару процесі басталады.

3 . Файл жүктеліп болғанда, үш таңдау берілген Жаңарту сұрауы терезесі пайда болады: Қазір жаңарту, Кейін жаңарту немесе Жаңартпау.

4 . Қазір жаңарту тармағын таңдасаңыз, өнім бағдарламалық құралды жаңартып, автоматты түрде өшеді де, қайта қосылады.

5 . Бір минут ішінде ешқандай параметр таңдалмаса немесе Кейін жаңарту тармағын таңдаса, өнім жаңартылған бағдарламалық құралды сақтап қояды. Бағдарламалық құралды Жүкт-ні бойынша функциясын пайдаланып кейін жаңартуға болады.

6 . Жаңартпау тармағы таңдалса, өнім жаңартудан бас тартады.

USB б-ша

1 . www.samsung.com торабына кіріңіз.

2 . Беттің жоғарғы оң жағындағы SUPPORT түймесін басыңыз.

3 . Іздеу өрісіне өнім моделінің нөмірін енгізіп, содан кейін Find Product түймесін басыңыз.

4 . Қотармалар тақырыбының астында, беттің ортасындағы Get downloads түймесін басыңыз.

5 . Беттің ортасындағы Firmware түймесін басыңыз.

6 . Беттің оң жағындағы Файл бағанында

ішіндегі ZIP белгішесін нұқыңыз.

7 . Микробағдарламаны компьютерге қотару және сақтау үшін пайда болған қалқымалы терезеде OK түймесін басыңыз.

8 . Zip мұрағатын компьютерде ашыңыз. Атауы zip-файлмен бірдей қалта пайда болу керек.

9 . Қалтаны USB флэш-жадына көшіріңіз.

10 . Өнімге диск салынбағанын тексеріңіз де, USB флеш-дискісін өнімнің USB портына салыңыз.

HT-E4500K_RU_KAZ_0316.indd 34

2012-03-16 오후 6:43:20

Page 97
Image 97
Samsung HT-E4550K/RU manual Бағдарламалық құралды жаңарту, Онлайн, USB б-ша, Қолдау тармағын таңдап, E түймесін басыңыз