11 . Өнімнің мәзірінде Параметрлер > Қолдау

>Бағдарламалық құралды жаңарту тармағын ашыңыз.

12 . USB б-ша тармағын таңдаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

USB хост ұясы арқылы бағдарламалық құралды жаңартқанда, өнімге диск салмау керек.

Бағдарламалық құралдың жаңартылуы аяқталғанда, Бағдарламалық құралды жаңарту мәзірінен бағдарламалық құрал мәліметтерін тексеріп алыңыз. Бағдарламалық құрал жаңартылып жатқанда, өнімді өшірмеңіз. Өнім бұзылып қалуы мүмкін.

USB хост ұясын пайдалану арқылы бағдарламалық құралдарды жаңарту тек USB жад құрылғысымен ғана орындалуы тиіс.

Диск арқ.

1 . www.samsung.com торабына кіріңіз.

2 . Беттің жоғарғы оң жағындағы SUPPORT түймесін басыңыз.

3 . Іздеу өрісіне өнім моделінің нөмірін енгізіп, содан кейін Find Product түймесін басыңыз.

4 . Қотармалар тақырыбының астында, беттің ортасындағы Get downloads түймесін басыңыз.

5 . Беттің ортасындағы Firmware түймесін басыңыз.

6 . Беттің оң жағындағы Файл бағанында

ішіндегі ZIP белгішесін нұқыңыз.

7 . Микробағдарламаны компьютерге қотару және сақтау үшін пайда болған қалқымалы терезеде OK түймесін басыңыз.

8 . Zip мұрағатын компьютерде ашыңыз. Сізде бір .RUF файлы болуы тиіс.

9 . RUF файлын дискіге жазыңыз. CD-R немесе DVD-R дискілерін пайдалануды ұсынамыз.

10 . Компьютерден шығармас бұрын, дискінің жұмысын аяғына дейін жеткізіңіз.

11 . Дискіні өнімге салыңыз.

12 . Өнімнің мәзірінде Параметрлер > Қолдау

>Бағдарламалық құралды жаңарту тармағын ашыңыз.

13 . Диск арқ. тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ

Жүйенің жаңартылуы аяқталғанда, Бағдарламалық құралды жаңарту мәзірінен бағдарламалық құрал мәліметтерін тексеріп алыңыз.

Бағдарламалық құрал жаңартылып жатқанда, өнімді өшірмеңіз. Өнім бұзылып қалуы мүмкін.

Жүкт-ні бойынша

Қотарылған файл арқылы параметрі өнім бұрын қотарған, бірақ бірден орнатылмаған файлды пайдаланып жаңартуға мүмкіндік береді.

1 . Жаңа бағдарламалық құрал қотарылған болса, бағдарламалық құрал нұсқасының нөмірін Қотарылған файл арқылы параметрінің жанынан көресіз.

2 . Жүкт-ні бойынша, параметрін таңдап, E түймесін басыңыз.

3 . Өнім жаңарту қажеттілігін сұрайтын хабарды көрсетеді. Иә жауабын таңдаңыз. Өнім жаңарту процесін бастайды.

4 . Жаңарту аяқталған кезде, өнім автоматты түрде өшіп, қайтадан қосылады.

ЕСКЕРТПЕ Жүйенің жаңартылуы аяқталғанда, Бағдарламалық

құралды жаңарту мәзірінен бағдарламалық құрал мәліметтерін тексеріп алыңыз.

Бағдарламалық құрал жаңартылып жатқанда, өнімді өшірмеңіз. Өнім бұзылып қалуы мүмкін.

Күту режимінде жүктеу

Күту режимінде жаңарту функциясын өнім күту режимінде тұрғанда жаңа бағдарламалық құрал жүктелетін етіп орнатуға болады.

Күту режимінде өнім өшіп тұрса да, Интернет қосылымы үзілмейді. Бұл өнім пайдаланылмаған кезде, жаңа бағдарламалық құралды автоматты түрде жүктеп алуға мүмкіндік береді.

1 . Күту режимінде жүктеу тармағын таңдау үшін, ▲▼ түймелерін, одан кейін E түймесін басыңыз.

2 . Қосу немесе Өшіру параметрін таңдаңыз. Қосу параметрі таңдалса, өнім қуаты ажыратылған күйде күту режимінде тұрғанда, жаңа бағдарламалық құралды автоматты түрде жүктейді. Жаңа бағдарламалық құрал жүктеліп алынса, өнімді қосқанда, жаңартуды орнату қажеттілігі сұралады.

ЕСКЕРТПЕ Күту режимінде жаңарту функциясын пайдалану үшін өнім

Интернетке қосылған болуы керек.

Егер бұл функция пайда болмаса, бағдарламалық жасақтаманы ең соңғы нұсқаға жаңартып, оны пайдалануыңызға болады.

DLNA арқылы ойнатылатын бейне файлдары Тізімім ішінде тек желілік байланыс орнатылған кезде болады.

Blu-ray/DVD/CD дискісінің мазмұны Тізімім ішінде болмайды.

Қазақша 37

04 Параметрлер

HT-E5500K_RU_KAZ_0228.indd 37

2012-02-28 오후 3:38:50

Page 103
Image 103
Samsung HT-E5550K/RU manual Диск арқ, Жүкт-ні бойынша, Күту режимінде жүктеу