Мультимедианы Ойнату

Барлық жолдарды таңдау үшін Барл-н таңдау параметрін пайдаланыңыз. Бұл жеке жол таңдауларын болдырмайды. Қашықтан басқару құралында RETURN (') түймесін бассаңыз немесе ОЙНАТУ параметрін таңдап, E түймесін бассаңыз, барлық жолдар Музыканы ойнату экранында пайда болады, ал өнім барлық жолдарды ойнатуды 001 жолынан бастайды.

Барлық таңдалған жолдардың таңдауын бірден алу үшін, Бар. таң. бас т. параметрін пайдаланыңыз. Одан кейін, жеке жолдарды таңдаңыз немесе барлық жолдарды таңдау үшін Барлығын таңдау параметрін пайдаланыңыз, одан кейін қашықтан басқару құралында RETURN (') түймесін басыңыз немесе ОЙНАТУ параметрін таңдап, E түймесін басыңыз. Егер Барлығын таңдау параметрін пайдаланбасаңыз немесе жеке жолдарды таңдамасаңыз, ойнату тізімі өзгермейді.

Бас тарту түймесі Таңдауды ойнату экранына жасалған барлық өзгертулерді болдырмайды. Ойнату экранына оралғанда, ойнату тізімі өзгермейді.

Алу

Музыка ықшам дискісінен музыканы USB ұясына жалғанған USB құрылғысына ала аласыз.

1 . USB құрылғысын өнімнің алдындағы USB ұясына жалғап, қашықтан басқару құралында RETURN (') түймесін басыңыз.

2 . Мазмұны алынатын дискіні өнімге салыңыз да, диск тартпасын жабыңыз.

3 . Ойнату экраны көрсетіліп тұрғанда, TOOLS түймесін басыңыз. Құралдар мәзірі пайда болады.

4 . Алу параметрін таңдау үшін, ▲▼ түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз. Алу экраны пайда болады.

5 . Жолды таңдау үшін, ▲▼ түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз. Жолдың сол жағында құсбелгі пайда болады.

6 . Қосымша жолдарды таңдау және құсбелгі қою үшін, 5-қадамды орындаңыз.

7 . Жолды тізімнен жою үшін, жолға өтіп, E түймесін қайтадан басыңыз. Жолдағы құсбелгі алынады.

8 . Орындап болған соң, Алу параметрін таңдау үшін, ► түймесін, одан кейін E түймесін басыңыз. Алу қалқымалы терезесі пайда болады.

9 . Алу процесін бастау үшін E түймесін басыңыз. Алуды аяқтау жолағы қалқымалы терезесі пайда болады.

10 . Алу аяқталғанда «Үзіліс аяқталды.» хабары пайда болады. E түймесін басыңыз.

46 Қазақша

11 . Ойнату экранына қайту үшін RETURN (') түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Алу процесі аяқталғанда, MP атты қалта USB құрылғысында жасалады.

Караоке функциясын пайдалану

Музыкасы бар Караоке функциясын қолдануға болады.

1 . Микрофонды өнімнің алдыңғы жағына жалғаңыз.

2 . Басты экранында Параметрлер тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3 . Аудио пәрменін таңдап, E түймесін басыңыз.

4 . Karaoke пәрменін таңдап, E түймесін басыңыз.

Караоке бағасын тексеруге және ойнатылатын музыка дауысының дыбыс деңгейін реттеуге болады.

Жазу

Музыкасы бар караоке әнін жазып алуға болады.

1 . Ойнату кезінде төменгі оң жақтағы REC белгішесіне ( REC ) жылжып, E түймесін басыңыз.

2 . Жазуды аяқтау қажет болса, 5 түймесін басыңыз.

3 . Жазу аяқталған кезде USB жад құрылғысында KARAOKE қалтасы жасалады және жазбалар «KARAOKE.mp3» пішімінде сақталады.

ЕСКЕРТПЕ

Микрофон қосылған болса, Динамик таңдау параметрі Үй кинотеатры динамиктері мәніне автоматты түрде өзгереді. Жазба файлын сақтау үшін USB жад құрылғысы салынған болуы қажет.

Жазба файлы AllShare Play экранына қайта кірген кезде көрсетіледі.

Караоке мүмкіндігін қолданғанда оғаш дыбыстар (шиқылдау немесе гуілдеу) естілсе, микрофонды динамиктерден алысырақ ұстаңыз. Сондай-ақ, микрофонның немесе динамиктердің дыбыс деңгейлерін азайту да көмектеседі.

Микрофон AUX, D.IN, HDMI IN, BT және FM режимдерінде жұмыс істемейді.

Караоке бағасы параметрі Қосу мәніне орнатылған және микрофон қосылған болса, караоке ұпайлары автоматты түрде көрсетіледі. Ұпайды көрсетуді қаламасаңыз, микрофонды ажыратыңыз.

HT-E5500K_RU_KAZ_0228.indd 46

2012-02-28 오후 3:39:47

Page 112
Image 112
Samsung HT-E5550K/RU Алу, Караоке функциясын пайдалану, Жазу, 11 . Ойнату экранына қайту үшін Return түймесін басыңыз