Пайдаланушы жазған мазмұны

бар дискіні ойнату

DVD немесе ықшам дискілерге жазылған мультимедиа файлдарын ойната аласыз.

1 . Диск тартпасына пайдаланушы жазған дискіні суретін жоғары қаратып салыңыз да, тартпаны жабыңыз. Құрылғы қосылды қалқымалы терезесі пайда болады.

2 . Бейнелер, фотосуреттер немесе музыка

сияқты қарау немесе ойнату керек мазмұн түрін таңдау үшін, ▲▼ түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Өнім барлық мазмұн түрлері үшін қалталарды көрсететін болса да, ол 2–қадамда таңдалған мазмұн түрінің файлдарын ғана көрсетеді Мысалы, музыканы таңдасаңыз, тек музыка файлдарын ғана көре аласыз. Бұл таңдауды AllShare Play көмегімен өзгертуге болады.

3 . 2-қадамда таңдалған мазмұн түрі бар қалтаны таңдау үшін, ▲▼◄► түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз.

4 . Музыка тармағы таңдалған болса, дискідегі музыка файлдарының тізімі бар AllShare Play музыка экраны пайда болады. Ойнату керек файлды таңдау үшін, ▲▼ түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз.

5 . Фотосурет-р тармағы таңдалған болса, дискідегі фотосуреттер тізімі бар AllShare Play фотосуреттер экраны пайда болады. Қарау керек фотосуретті таңдау үшін, ▲▼◄► түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз.

6 . Бейнелер тармағы таңдалған болса, дискідегі бейне файлдарының тізімі бар AllShare Play бейнелер экраны пайда болады. Қарау керек бейнені таңдау үшін, ▲▼◄► түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ Музыка және бейне қалталары үшін қашықтан басқару

құралындағы TOOLS үймесін басып, қалтадағы барлық файлдарды автоматты түрде ойнату немесе қарау үшін Қалтаны ойнату параметрін таңдауға да болады. TOOLS түймесін баспастан бұрын, алдымен қалтаны таңдаңыз. Музыканы ойнату туралы қосымша ақпарат алу үшін,

45-беттегі «Музыканы ойнатуды басқару» бөліміне өтіңіз. Фотосурет мазмұндарын ойнату туралы қосымша ақпарат алу үшін, 48~50 беттердегі «Фотосурет мазмұнын ойнату» және «Құралдар мәзірін пайдалану» бөлімдеріне өтіңіз.

Бейне мазмұндарын ойнату туралы қосымша ақпарат алу үшін, 43-беттегі «Бейнені ойнатуды басқару» бөліміне өтіңіз.

AllShare Network функциясын

пайдалану

AllShare компьютерде немесе DLNA үйлесімді құрылғыда орналасқан бейнелерді, фотосуреттерді немесе музыка файлдарын сымсыз желі қосылымын пайдаланып өнім арқылы ойнатуға мүмкіндік береді.

AllShare бағдарламалық құралын жүктеу үшін

Компьютерде немесе DLNA құрылғысында AllShare функциясын пайдалану үшін компьютерге AllShare бағдарламалық құралын орнату керек.

Samsung.сom веб-торабынан компьютердің бағдарламалық құралын жүктеп алуға және AllShare функциясын пайдалану туралы егжей- тегжейлі нұсқауларды алуға болады.

1 . www.samsung.com веб-торабына өтіңіз.

2 . Беттің жоғарғы жағындағы Support түймесін басыңыз.

3 . Support бетінде өнімнің үлгі нөмірін Үлгі нөмірі өрісіне енгізіңіз.

4 . Пайда болған бетте сол жақтағы Жүктеулер астында Get downloads түймесін басыңыз. Жүктеу орталығы пайда болады.

5 . Download Centre бетінде Бағдарламалық құрал қойындысын нұқыңыз.

6 . Бағдарламалық құрал қойындысындағы AllShare жолының оң жағында Файл белгішесін нұқыңыз.

7 . Пайда болған қалқымалы терезеде, Файлды сақтау түймешігін басыңыз.

8 . Дискідегі AllShare орнату файлын тауып, файлды екі рет нұқыңыз.

9 . Пайда болған қалқымалы терезеде Run (Іске қосу) түймесін басып, экранда пайда болған нұсқауларды орындаңыз.

Сол Бағдарламалық құрал қойындысынан оң жақтағы Файл бағанында тиісті PDF файлының таңбасын нұқу арқылы AllShare орнату/ пайдалану нұсқаулығын жүктеп алыңыз. PDF пішіміндегі файл жүктеліп, ашылады. Файлды қарауға және/немесе сақтауға болады.

Қазақша 41

05 Мультимедианы Ойнату

HT-E5500K_RU_KAZ_0228.indd 41

2012-02-28 오후 3:39:20

Page 107
Image 107
Samsung HT-E5550K/RU manual Пайдаланушы жазған мазмұны Бар дискіні ойнату, AllShare Network функциясын Пайдалану