Samsung HT-F455K/RU, HT-F453K/RU Дискіні сақтау және басқару, Авторлық құқық Көшіруден қорғау

Models: HT-F453K/RU HT-F455K/RU

1 87
Download 87 pages 59.43 Kb
Page 32
Image 32

Дискіні сақтау және басқару

Дискілерді пайдалану

-- Дискідегі саусақ іздері немесе сызаттар дыбыстың және суреттің сапасын төмендетуі немесе кейбір үзінділердің еленбеуін тудыруы мүмкін.

-- Деректер жазылған диск бетін ұстамауға тырысыңыз.

-- Дискінің сыртқы қабатында саусақ іздерінің қалмауы үшін дискіні шетінен ұстаңыз.

-- Дискіге қағаз немесе лента жабыстырмаңыз.

Дискілерді тазалау

-- Егер дискте саусақ іздері немесе былғаныш болса, оны суға езілген жұмсақ тазартқыш затпен тазартыңыз және жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.

-- Тазарту кезінде, дисктің ішкі жағынан сыртына қарай ақырын сүртіңіз.

-- Дискіні сақтау

`` Тіке күн сәулесі астында сақтамаңыз. `` Салқын, желдетілетін жерде сақтаңыз. `` Таза қорғаныш қабында сақтаңыз.

Тік күйде сақтаңыз.

Лицензия

DIVX VIDEO ТУРАЛЫ: DivX® — Rovi корпорациясының бөлімі болып табылатын DivX, LLC компаниясы тарапынан жасалған сандық бейне пішімі. Бұл — DivX бейнесін ойнататын ресми DivX Certified® құрылғысы. Қосымша ақпарат және файлдарды DivX бейнелеріне түрлендіретін бағдарламалық құралдарды алу үшін, www.divx.com веб-торабына кіріңіз.

СҰРАУ БОЙЫНША БЕЙНЕ DIVX ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ: Сатып алынған сұрау бойынша бейне (VOD) DivХ фильмдерін ойнату үшін, бұл DivX Certified® құрылғысын тіркеу керек. Тіркеу кодын алу үшін, құрылғының параметрлерін орнату мәзірінен DivX VOD бөлімін табыңыз. Тіркеуді аяқтау жолы туралы қосымша ақпаратты vod.divx.com веб-торабынан қараңыз.

DivX Certified® құрылғысы DivX® бейнесін, соның ішінде, ақылы мазмұнды ойнатуға арналған.

DivX®, DivX Certified® және осыған қатысты логотиптер Rovi корпорациясының немесе оның бөлімдерінің сауда белгілері болып табылады және лицензия бойынша пайдаланылады.

Мына АҚШ патенттерінің біреуімен немесе бірнешеуімен қорғалған: 7,295,673; 7,460,668; 7,515,710; 7,519,274.

Dolby Laboratories лицензиясы бойынша жасалған.«Dolby» және қос D таңбасы Dolby Laboratories компаниясының сауда белгілері болып табылады.

HDMI, the HDMI Logo, and High-Definition Multimedia Interface are trademarks or registered trademarks of HDMI Licensing LLC in the United States and other countries.

Бұл бұйым Rovi корпорациясының АҚШ-тағы патенттерімен және басқа да зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған көшіруден қорғау технологиясымен жабдықталған. Кері жобалауға және бөлшектеуге тыйым салынады.

Бұл өнімде Independent JPEG Group тарапынан таратылатын кейбір бағдарламалық құралдар бар.

Бұл өнімде OpenSSL Project тарапынан таратылатын кейбір бағдарламалық құралдар бар.

Авторлық құқық

©2013 Samsung Electronics Co., Ltd. Барлық құқықтары қорғалған.

Көшіруден қорғау

Көптеген DVD дискілері көшіруден қорғалған етіп шифрланады. Осыған байланысты, өнімді бейнемагнитофонға емес, тікелей теледидарға жалғау қажет. Бейнемагнитофонға қосу әсерінен көшіруден қорғалған DVD дискілеріндегі суреттер бұрмаланып көрсетіледі.

Қазақша 3

01 Қауіпсіздік ақпараты

Page 32
Image 32
Samsung HT-F455K/RU, HT-F453K/RU manual Дискіні сақтау және басқару, Авторлық құқық Көшіруден қорғау, Тік күйде сақтаңыз