ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ

ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ

ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫНДАҒЫ ТҮЙМЕЛЕР МЕН ФУНКЦИЯЛАР

SOURCE

Soundbar жүйесіне қосылған дыбыс көзін таңдау үшін басыңыз.

ДЫБЫСЫН ӨШІРУ

Түймені басу арқылы дыбыс деңгейін 0-ге апаруға болады. Дыбысты алдыңғы деңгейде қосу үшін қайтадан басыңыз.

ҚАЙТАЛАУ

USB құрылғысынан əуенді ойнату кезінде ҚАЙТАЛАУ функциясын орнатуға болады.

REPEAT OFF : Қайта ойнатуды тоқтатады.

REPEAT FILE : Жолды қайталап ойнату.

REPEAT ALL : Барлық жолдарды қайталап ойнату.

REPEAT RANDOM : Жолдар кез келген ретпен ойнатылады. (Ойнатылған жол қайта ойнатылуы мүмкін.)

Алға қарай өту

Ойнатылып жатқан құрылғыда екі немесе одан көп файл болса жəне $ түймесі басылса, келесі файл таңдалады.

AUDIO SYNC

Soundbar жүйесі сандық теледидарға қосылған кезде бейне дыбыспен синхронды ойнатылмаса, оларды синхрондау үшін AUDIO SYNC түймелерін басыңыз. Дыбыс кідірісін 0 мс жəне 300 мс арасында орнату үшін, #,$ түймелерін қолданыңыз. USB режимінде, TV режимінде жəне BT режимінде, Audio Sync (дыбысты синхрондау) функциясы жұмыс істемеуі мүмкін.

Anynet+

Anynet+ функциясын қосу немесе өшіру үшін Anynet+ түймесін басыңыз. (Auto Power Link : Əдепкі OFF, Anynet+ ON / Power Link Off немесе Anynet+ OFF / Power Link ON ). Anynet+ функциясы Soundbar жүйесін Anynet+ функциясымен үйлесімді Samsung теледидарынан қашықтан басқару құралы арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Soundbar жүйесі теледидарға HDMI кабелі арқылы жалғануы керек.

*Auto Power Link (Автоматты қуат байланысы)

Soundbar құралын Optical ұясы арқылы оптикалық байланыспен қадамдастырады, сонда ол теледидарды қосқанда автоматты түрде қосылатын болады. (24-бетті қараңыз)

KAZ

9